Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Гонорарын көтерген жалғыз әнші шығармын": Айқын карантинде қалай табыс тауып жүр

Опубликовано:

Айқын
Айқын Төлепберген. Кадр: YouTube/ Timur Balymbetov

Танымал эстрада жұлдызы Айқын Төлепберген карантин кезінде өзінің гонорарының көлемін өзгелермен салыстыра отырып, көтеру туралы шешім шығарған. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовке берген сұхбатында айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айқынның айтуынша, ол қазіргі таңда тойларда өнер көрсетіп, ашық алаңдарда, мерамханаларда концерт берумен айналысуда.

"Тойларды болдырмау мүмкін емес деп ойлаймын. Бірақ концерттерде, ашық алаңдарда, мейрамханаларды ән айтып жүрмін. Ashyq бағдарламасы арқылы. Мен жалпы осы бағдарламаны қолданысқа енгізуді қолдаймын", - деді ол.

Айтуынша, концерттерде өнер көрсеткені үшін ол көп ақша алмайды. Ал жеке тойларда ән айту үшін қомақты қаражат сұрайтынын жасырған жоқ.

"Мен мейрамханалардағы концерттер үшін көп ақы алмаймын. Себебі, онда мені тыңдауға менің тұрақты тыңдармандарым келеді. Бірақ тойларға көбірек гонорар сұраймын. Мен карантинде гонорарын көтерген жалғыз әнші шығармын. Шамамен 10 пайызға көтерілді. Ойланып-ойланып, өзге артистердің гонорарын салыстырдық. 5000 доллар сұрайтындар бар. Енді оларға қарағанда менікі азырақ. Бірақ, сәл қостық", - деді ол.

Сонымен бірге, Айқын жүргізушінің "тойда ұсталып қалған жоқсың ба?",- деген сұрағына да жауап берді.

"Ұстағанда, Айқынды тойына шақыруға шамасы жеткен адамдар алдын ала мұның барлығын ойластырып қоятын шығар. Айыппұл төлеп қоятын шығар", - деп әзілдеді ол.

"Кей адамдар үшін заң жүрмейді", - деп сөзін түйіндеді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925636-gonoraryn-kotergen-zalgyz-ansi-sygarmyn-aiqyn-karantinde-qalai-tabys-tauyp-zurgenin-asyq-aitty/

pixel