Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауырып қалдық": Отбасымен Түркияда демалып жатқан Айгүл Мүкей елді алаңдатты

Опубликовано:

Айгүл Мүкей балаларымен
Фото: Instagram/aigulmukei

Қазақстандық танымал тележүргізуші Айгүл Мүкей бүгінде бала-шағасымен бірге Аланьяда демалуда. Ақпарат өкілі Түркияның бұл бөлігінде өрт мүлдем жоқ екенін алға тартты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айгүл Мүкей бұл демалыста жанұясымен қоса бәрі ауырып қалғанын айтты. Алайда, журналистің сөзінше, бұл коронавирус емес.

"Біз бұл жерге денсаулық үшін келіп едік. Бірақ, дәл осы жерде ауырып қалдық. Белгісіз вирус. Коронавирус емес. Кондиционерлер, көп су дегендей. Оған қарамастан, суға шомылып жүрміз. Сұлтан-Әлиге ұнап жатыр" , - деді Мүкей.

Оған қоса, тележүргізуші Түркиядағы алапат өртке қатысты пікір білдірді. Ол отбасымен демалып жатқан мекенде өрт жоқ және тіптен көрінбейтінін жеткізді.

"Аланияда өртті көрмейміз. Тек қана теледидардан жаңалықтардан көреміз. Сол себепті, "мемлекет өртеніп жатқанда қалай демалуға болады?" дейтіндерге жауап бергім келмейді. Әрине, менің де жаным ашып, қатты алаңдап жатырмын. Алайда, осы демалыс орындарындағы жүздеген турис секілді өмір сүріп жатырмын. Қалған маңызды тақырыптар - коронавирустың өршуі, вакцинация, Олимпиада. Бәрі өкінішті. Сіздерге денсаулық тілеймін. Ауырмаңыздар", - деп жазды Айгүл Мүкей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1925937-auyryp-qaldyq-otbasymen-turkiyada-demalyp-zatqan-aigul-mukei-eldi-alandatty/

pixel