Ақбота Сейітмағамбет марқұм анасын есіне алып, елді жылатты (фото)
Жарияланған күні:
"Кешью" тобында өнер көрсетіп, қалың көпшілікке танылған әнші Ақбота Сейітмағамбет марқұм анасын есіне алып, желіде оған деген сағынышын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ақбота Сейітмағамбет анасының туған күнінде оған жантебірентерлік жазба арнады. Эстрада жұлдызы өмірден өткен анасын қатты сағынғанын айтып, өз оқырмандарына ішіндегі сырын бөлісті.
Оған қоса, өнер иесі Instagram парақшасында ата-анасының мұрағаттағы фотоларын жариялап, ел назарына ұсынды.
"Анашым туған күніңмен! Сағыныштан тағдырға бағындым ғой. Өзіңді анашым сағындым ғой. Көңілдің мұңын, жүректің үнін естимісің аяулы ана? Алтын анамның құрметіне "Анаға сағыныш" деген әнім шыққан. Сол әнді орындап шығуым қиынға соқты", - деп жазды ол.
Әншінің оқырмандары оған барынша өз қолдауын көрсетіп, жұбату сөздерін айтты. Кейбірі Ақботаның анасымен өзара қатты ұқсас екенін жазды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926186-aqbota-seiitmagambet-marqum-anasyn-esine-alyp-eldi-zylatty-foto/