Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бақытынды ізде, бірақ өзгелерден тартып алма": Қайрат Нұртастың жазбасы елді алаңдатты

Опубликовано:

Қайрат Нұртас
Фото: Instagram/kair_n

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Қайрат Нұртас желіде жазба жариялап, қалың көпшілікті ойландырып қойды. Өнер иесі оқырмандарына біреудің бақытын тартып алу қате екенін жеткізбек болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың Instagram парақшасында жариялаған соңғы жазбасы ел арасында қызу талқыға түсті. Шоу-бизнес жұлдызы бақыт тақырыбына қатысты өз ой-толғауымен бөлісіп, жанкүйерлерін алаңдатып қойды.

"Бақытынды ізде, бірақ өзгелерден тартып алма", - деп жазған әнші.

Желі қолданушылары бірден бұл жазбаның өнер иесінің өзіне тікелей қатысы бар екенін болжады. Олардың ойынша, әртіс өз әйелі екеуі жайлы сыр шерткен.

"Өз бақытың үшін біреудің отбасын бұзуға болмайды. Толықтай келісемін", "Қайратжан Жұлдыздай ешкімді таппайсың, бала-шағаңнан айырылма", "Қайрат ақылды бала. Ол жастайынан үйленді. Балалары өсті. Ол отбасын тастайтын жігіт емес", "Мына жазбасы екі ойлы екен. Өзіне қатысты жазып отырғандай" , "Шынымен ажырасып жатыр ма? Сенгім келмейді" "Неге бұлай жазып жатыр? " - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926409-baqytyndy-izde-biraq-ozgelerden-tartyp-alma-qairat-nurtastyn-zazbasy-eldi-alandatty/

pixel