Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мерейтойына су жаңа көлік сыйға алған Ернар Айдардың әкесі көз жасына ерік берді (видео)

Опубликовано:

Ернар Айдар
Ернар Айдардың әкесі. Скриншот: instagram.com/ernaraidar_kz/

Эстрада жұлдызы Ернар Айдар әкесінің 60 жасқа толуына орай көлік сыйға тартты. Балаларының ілтипатына сүйсінген әке көз жасын тоқтата алмады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ернар Айдар бұл туралы өзінің Instagram парақшасында айтты. Әкесі 60 жасқа толып жатқан әнші оған автосалоннан LEXUS-570 көлігін сыйға тартқан.

"Осы жылы, 20-сәуір асқар тау әкеміз 60 жасқа толды, карантин бітсе ағайын-туысты шақырып, үлкен той жасаймыз деген ниет болған.

Карантин бітпей той жасауға қатаң тыйым салғандықтан, тойды кейінге қалдырдық. Алла қаласа індет жойылып, карантин толық біткен кезде тойымызды жасай жатармыз.

Ал әкемізге деген тосынсыйымызды күттірмей сыйлай беруді жөн көрдік. Қуанышты бөліссең көбейеді дейді ғой, баршаңызға жұғысты болсын!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1926799-mereitoiyna-su-zana-kolik-syiga-algan-ernar-aidardyn-akesi-koz-zasyna-erik-berdi-video/

pixel