Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлемдік әйгілі музыкантқа 12 жасар қызды зорлады деген айып тағылды

Жарияланған күні:

Боб Дилан
Фото: exk.kz

Әлем жұлдызы Боб Диланға бұдан елу жыл бұрын 12 жасар қызды зорлады деген айып тағылды. Оны кінәлаған тараптың адвокаты 1965 жылы 20 жастағы музыкант жасөспірімді алдап, құрығына түсіргенін алға тартады деп хабарлайды NBC News.

Америкалық музыкант Боб Диланды есірткі пайдаланып, 12 жастағы қызды зорлады деп айыптап отыр. Бұл жайт 1965 жылы орын алуы мүмкін.

Зардап шеккен тараптың айтуынша, сол жылы артист кәмелетке толмаған жасөспіріммен достасып алып, оны алдап соққан. Бұл жайт кішкентай қыздың өмірі мен денсаулығына қатты әсер еткен. Себебі, зорлық көрген жасөспірім эмоционалды және психологиялық тұрғыда жарақат алып, әлі күнге дейін неврологиялық ауруынан айыға алмай келеді.

Айып тағушы тарап дәлелдерді сотта ғана көрсетпек.

Ал Боб Диланның заңды өкілі болса, бұдан 56 жыл бұрын мұндай оқиға мүлдем болмаған, дейді. Сондықтан, оны жуырда жоққа шығаруға уәде етіп отыр.

Айта кету керек, Боб Дилан — рок-музыкант, заманауи музыканың ең танымал әрі белді өкілдерінің бірі болған. Оның Blowin' in the Wind және The Times They Are a-Changin' секілді композияциялары АҚШ-тағы азаматтық құқық үшін күресте үлкен мәнге ие болған.

2016 жылы Швед академиясы Боб Диланға әдебиет саласындағы Нобель сыйлығын тағайындаған. Нобель сыйлығы оған "Америкалық ән дәстүрі аясындағы жаңа поэтикалық ырғақ жасағаны үшін" берілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927508-alemdik-aigili-muzykantqa-12-zasar-qyzdy-zorlady-degen-aiyp-tagyldy/