Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қателік болса түзелер": Мұхамеджан Тазабек басы дауға қалған Тұрсынбекке қолдау білдірді

Опубликовано:

Тұрсынбек Қабатов пен Мұхамеджан Тазабек
Фото: Instagram/mukhamedzhan_tazabek

"Talim TV" телеарнасының бас директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхаммеджан Тазабек даулы оқиғаға тап болған өнердегі інісі Тұрсынбек Қабатовқа қолдау білдірді. Ол белгілі әзілкешті орынсыз айыптамауға шақырды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мұхамеджан Тазабек өзінің Instagram парақшасында Тұрсынбек Қабатовқа жазба арнап, оған қатысты шулы оқиғаға пікір білдірлі. Ол ашуға булыққан халықтан інісін қатты сөкпеуін сұрады.

"Онсыз да әзілдің әрі кетіп, қалжыңның дәмі кетіп, күлмеске күліп, мәнсізге мәз болып жатқан заманда Тұрсынбектің сағы сынбай, алдымызда аман жүргені керек-ақ. Қателік болса түзелер, заңсыздық болса, айыпталар, бір-ақ өздеріңіз бата берген, тапқыр сөзіне таңдай қаққан, ұтқыр сөзін ұйып тыңдаған азаматтың жеке басына, ар-ұжданына кірмеу - кісіліктің белгісі. Менің оқырмандарымның арасында ондай парасатты адамдар көп екеніне күмәнім жоқ.

“Кісіні табаласаң өзің соған ұрынасың, досыңа күлсең басыңа келеді” деген қағиданы ту еткен, бабалардың ұрпағымыз. Кейде бір адамның жолы болып, жұрттан оза шапқанының өзі - талай таяқ жеуіне, кешірім көрмей, керісінше аяусыздыққа ұшырауына себеп болады. Әрқайсымыз “баламыз елдің алдында жүрсін, табысы ешкімнен кем болмасын, аузында жұрт жаттайтын сөзі болсын” деп, тілеп жатамыз. Бірақ, сондай бір ұл сөзге ілінсе, төрден жерге, жерден көрге тыққанша тыншымай ізіне түсеміз.

“Ақырын Алла хайырлы қылсын, анығын бір Құдай біледі” деп, артын күтіп, сабыр сақтап, ғайбат пен өсектен рухымызды пәк ұстайтын заман қашан туар екен?! Ірі қазақтың майдаланбаған ұрпақтары аман болсын! Баршаңызға Алланың нұры жаусын! Мен Тұрсынбектің қазақ руханиятына талай пайда келтіріп, ертең-ақ елдің арқа сүйеп, ақыл сұрайтын ақсақалына айналатынына сенемін", - деп жазды Мұхамеджан Тазабек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927715-qatelik-bolsa-tuzeler-muxamedzan-tazabek-basy-dauga-qalgan-tursynbekke-qoldau-bildirdi/

pixel