Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сүйіктім - өнер адамы": Ayree алғаш рет өз махаббаты туралы ашық айтты

Опубликовано:

Айри
Ayree. Фото: instagram.com/ayreeofficial/

Ayree лақап атымен танымал әнші Әйгерім Рақыш алғаш рет өзінің сүйіктісі туралы айтты. Әншінің айтуынша, ол да өзі сияқты өнер адамы. Бұл туралы ол Тимур Балымбетовтің "Ашығын айтқанда" бағдарламасында баяндады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сұқбат барысында әнші бірнеше жаңа ән жазып жатқанын және алдағы уақытта бейнебаян түсіру жоспарда бар екенін жеткізді. Сонымен бірге, ол өнердегі қиындықтары мен қорқынышын қалай жеңгенін, өзіне сенімді болуға не әсер еткенін де айтып берді.

Әншінің айтуынша, ол бұрын сахнаға шыққанда қобалжып, өз-өзімен іштей күресетін. Алайда, уақыт өте келе ол өзіне сенімді бола бастаған. Бұған оның жақындарының да әсері мол болған. Осы ретте, Әйгерім Рақыш өзінің сүйіктісі туралы да сөз қозғады.

"Осы сәтте мен өте бақыттымын. Сондай түсіне білетін адам болып шықты. Сахнада ән айтқанымды, бәрін түсінді. Ол да өнердің адамы",- деген ол сүйіктісінің кім екенін жұртқа жария етпеуді жөн көрді.

"Менің тыңдармандарым, желідегі оқырмандарым оны біледі", - деп сөзін түйіндеді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927913-suiiktim-oner-adamy-ayree-algas-ret-oz-maxabbaty-turaly-asyq-aitty/

pixel