RU

"Әкелген қыздар анама ұнамайды": Қайрат Нұртастың інісі неге үйленбей жүргенін айтты

Қайрат Нұртас інісі Заңғармен
Фото: Instagram/zangaar

Отандық танымал әнші Қайрат Нұртастың әкесі кенже ұлы Заңғардың тезірек үйленгенін қалайтынын айтты. Алайда, эстрада жұлдызының інісі әзірге отау құруға ниетті емес екенін жеткізді. Оның сөзінше, әкелген қыздары көп жағдайда анасына ұнамай қалып жатады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қос ұлын үйлендірген Нұртас пен Гүлзира Айдарбековтер енді кенже баласының да шаңырақ көтергенін асыға күтуде. Олар Заңғарды көрген сайын одан қашан үйленетінін сұрай беретін болған.

Отау құруға қатысты сауалдардан әбден шаршаған ол жар таңдауды анасына сеніп тапсырған. Заңғар Нұртастың сөзінше, оның таныстыруға алып келетін қыздары көбіне анасына ұнамай қалып жатады.

Ал жұлдызды әулеттің отағасы Нұртас Айдарбеков болса кез келген аруды келін ретінде қабылдауға дайын екенін айтты. Ол бастысы өзіне немере туып берсе болды деп отыр.

Заңғар Нұртастың екінші жеңгесі Instagram парақшасында қайын інісімен сөйлескен сәтін жариялап, елді тәнті етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1927952-akelgen-qyzdar-anama-unamaidy-qairat-nurtastyn-inisi-nege-uilenbei-zurgenin-aitty/