Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мұнша пікірді көтере ала ма?": Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбекке ашулы жұртты сабырға шақырды

Опубликовано:

Бағлан Әбдірайымов1
Фото: instagram.com/baglan_abdraimov_official/

"Жігіттер" тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Тұрсынбек Қабатовқа қатысты дауға пікір білдірді. Ол жұртты сабырға шақырып, қоғамдық тәртіпті қолға алу керектігін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

"Жығылғанға жұдырық" - деп бекер айтпаған. Кешегі Аягүл Мантайды осы қазақтың пікірі ажал құштырды. Енді міне, Тұрсынбек Қабатовты жердан алып, жерге салып жатырмыз. Ақтамаймын, әрине! Аягүл секілді таға қаншама бәйшешегімізді солдырып алмауға кім кепіл? Мұнша пікірді бәйшешегіміз көтере ала ма? Психикасына әсер етсе, емдей аламыз ба? Жанар қарындасымыз (әнші) осыны көтере алмай кеткен жоқ па? Достар, кім қателеспейді?!", - деп жазды ол.

Әншінің айтуынша, қазіргі таңда қоғамдағы пара беру үрдістерін азайту үшін әркім өзінен бастау керек.

"Мектепке кіру үшін де, жұмысқа тұру үшін де, жол полициясына штраф жаздырмас үшін де, ЦОН-да кезекке тұрмас үшін де, вакцина салдырмай, құжат сатып алу үшін де, бәріне, өзіміз ақша беріп жүрген жоқпыз ба?! Әлде бәріміз періштеміз бе?! Біздің қоғам сондай ғой. Кез келген затқа дүниеге таныс іздейтініміз тағы бар.

Осының бәрін көріп, шыдамаған кейбір жандар елден безіп кеткен жоқ па? Бәрі жаман қазақ. Жақсы қазақты кім береді? Олай кемшілікті асыра сілтеп жазудың қажеті жоқ. Жалпы заң керек. Кім жаман пікір жазады, салмағына қарай заң алдын да жауап берсін. Тәртіп керек. Заң бәрімізге ортақ. Пара беруді өзімізден бастап тоқтатайық! Елдігімізді, бірлігімізді сақтайық! Сіздерден асқан бауыр, қазақ жерінен басқа жер жоқ! Қадірімізге жетейік! Менікі жай ой ғой", - дейді Бағлан Әбдірайымов.

Әншінің бұл жазбасын оқыған желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі қолдап, Тұрсынбектің қызына желіде шабуыл жасауды доғару керек десе, екіншілері "өнер адамдары бір-бірін жақтап шығады" деп айыптады.

Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желіде танымал заңгер Тұрсынбек Қабатовтың қызы Әдемінің орнына жалған құжатпен өзге біреу тест тапсырды деген ақпарат таратқан болатын.

Артынша, Тұрсынбек Қабатов Instagram парақшасында қызының ҰБТ тапсыруы төңірегіндегі шуға байланысты видео жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928090-munsa-pikirdi-kotere-ala-ma-baglan-abdiraiymov-tursynbekke-asuly-zurtty-sabyrga-saqyrdy/

pixel