Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"98 мың теңге": Айжұлдыз Адайбекова үш айлық ұлына алған қымбат аяқ киімді көрсетті

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова ұлымен
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал дизайнер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекова үш айлық сәбиіне қалай киім таңдайтынын көрсетті. Өнер иесі баласына келгенде қыруар қаржыны оңай шаша салады екен. Ол тұңғышының барынша бренд киімдер кигенін қалайды деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова өзіне қарағанда, ұлына киім аларда көп қаржы жұмсайтынын көрсетті. Бұған дейін жас ана сәбиіне 569 мың теңгеге киім сатып алып берген болатын

Ал бұл жолы Жанар Айжанованың қызы 98 мың теңге тұратын Burberry брендінің аяқ киіміне қызықты. Ол кішкентай балалар үшін жасалған қымбат аяқ киімді Instagram желісінде қалың көпшілікке көрсетті.

Алайда, Айжұлдыздың нақты сол бағалы затты алғаны әзірге белгісіз. Дегенмен, видеода өнер иесінің аталмыш дүкеннен бір киім алып кеткені анық. Видеода сатушының түбіртек шығарып жатқан сәті көрініс тапты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928203-98-myn-tenge-aizuldyz-adaibekova-us-ailyq-ulyna-algan-qymbat-ayaq-kiimdi-korsetti/

pixel