Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелім төркініне кетіп қалды": Бейбіт Қорған отбасылық өмірі туралы шындықты айтты

Жарияланған күні:

Бейбіт Қорған
Фото: Instagram/beibitkorgan

Қазақстандық танымал әнші Бейбіт Қорған бүгінде келіншегімен бірге тұрмайтынын ашық айтты. Өнер иесінің сөзінше, әйелі төркініне кетіп қалған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бейбіт Қорған "Менің өмірім" бағдарламасында отбасылық өмірі жайлы жан сырын ақтарып, келіншегіне деген ренішін жеткізді.

Эстрада жұлдызы әйелі үйіне қайтып келмеген жағдайда, екінші рет үйленген әріптестерінің қатарына кіруге дайын екенін айтып қалды.

"Төркініне кетіп қалды. Оның қашан қайтатынын білмедім. Қайтпайтын да сияқты. Ұзаққа кеткен сияқты ғой. Әйеліме деген ренішім жетеді. Қайын жұрттың араласқаны дұрыс емес. Егер араласуға үйреніп қалған болса, өздері үшін өздері араласа берсін. Маған көрсетпей-ақ қойсын. Қазір айырылысып үйлене салу сәнге айналып кетті ғой. Қоймай жатса біз де солардың қатарына кірерміз.

Келіншегім бұрын орыс тілді қыз еді. Қазір қазақша мақалдатып сөйлейді. Ол жағынан мен ең басты қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын. Бірақ мен тек тілді ғана ойлап кетіппін. Оған қазақылықтың басты мақсаттарын жеткізбеппін.

Әйелге о бастан дін, имандылық, инабаттылық туралы үйрету керек екен. Мен олай тәрбиелей алмадым. Ата-енем керемет адамдар. Мен қайын жұртымды жамандап, әйелімді жамандап отырған жоқпын.

Менің де кінәм көп, жетеді. Бірақ, олар басынан бастап біледі ғой. Менің қандай адам екенімді, қандай жолда жүргенімді, мінезім бар екенін жақсы біледі. Әкесіндей бола алмасам қайтеміз енді. Мен осындаймын. Ұшарымды сай, қонарымды жел біледі. Қабылдасаңыздар қабылдаңыздар. Қабылдамасаңыздар осындаймыз енді қайтеміз. Мен ешкімді жамандағым келмейді. Қалай бар солай айтамын. Жасырын өмір сүргенді ұнатпаймын", - деп ағынан жарылды өнер иесі.

Бейбіт Қорғанның сұхбатынан үзінді Instagram желісіндегі qaz.stars парақшасында да жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928385-aielim-torkinine-ketip-qaldy-beibit-qorgan-otbasylyq-omiri-turaly-bar-syndyqty-aitty/