Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғалидің жары балаларының суретін жариялап, елді тәнті етті

Опубликовано:

Төреғали Төреәлінің балалары
Фото: Instagram/tolkynturarbekkyzy

Отандық танымал әнші Төреғали Төреәлінің келіншегі желіде бес баласының фотосымен бөлісіп, қалың көпшілікті қуантты. Толқын Тұрарбекқызы оқырмандарынан перзенттерінің ішінен қайсысы жұлдызды әкесіне қатты ұқсайтынын сұрады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғалидің жары Instagram парақшасында бес баласының суретін жариялап, оқырмандарды сүйсінтті. Фотода бұлдіршіндердің бірге отырғанын көруге болады. Олардың арасында жақында ғана дүниеге келген ұлдары да бар.

"Біздің балапандардан баршаңызға сәлем. Төреғалидің кішкентай көшірмесі деп кімді айтар едіңіз", - деген сауал жолдады Толқын.

Желідегілер жұлдызды жанұяның балаларына тәнті болып, оларға деген жылы лебіздерін білдірді. Қалың көпшілік перзенттердің ішінен Төреғалиге Фатима атты қызы қатты ұқсайды деп жазуда.

"Өмірлері ұзақ болсын. Қызықтарына тоймай жүре беріңдер", "Қандай тәтті балапандар", "Жеті жылда бес бала туған батыр ана екенсіз", "Төрешке ең қатты ұқсайтын Фатима екен", "Фатима мен Төренұр айнымайды", "Үлкен қызыңыз өзіңізге ұқсаған, қалғандары әкесіне тартыпты", "Көз тимесін. Сондай керемет отбасы", "Фатима бәрінен де қатты ұқсайды екен әкесіне", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928391-toregalidin-zary-balalarynyn-suretin-zariyalap-eldi-tanti-etti/

pixel