RU

"Түні бойы көз ілмей шығамын": Дәурен Айдарқұлов елге жан сырын ақтарды

Дәурен Айдарқұлов
Дәурен Айдарқұлов. Фото: instagram.com/daurenaidarkulov/

Отандық актер Дәурен Айдарқұлов өзінің ұйқысыздықтан зардап шегетінін айтып, жан сырын ақтарды. Айтуынша, ол төрт түн бойы көз ілмей шыққан, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Актер бұл туралы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазды. Айдарқұловтың сөзінше, ұйқысыздықтың зардабын ол оқушы кезінен тартып келеді.

"Әдеттегідей, көз ілмегелі, міне, төртінші түн болады. Түрлі тәсілдерді көрдім. Кешке дейін ұйықтамау, ұйықтар алдында әдеби кітаптар оқу, серуендеу, қатты шаршау деген сияқты. Бірақ, ешқайсысы көмектеспейді. Бұл қанша уақыт бойы жалғасып келеді дерсіз? Мектеп кезінен бастап. Түнде, елдің бәрі ұйықтап қалғанда мен сүйікті, түн тыныштығымен сабақ қарауға отыратынмын. Шығармашылықта да барлық идеям түн уағында өмірге келетін.

Енді ойлап отырмын, ақыры түнде ұйықтамайды екем, жазбаларымның мәтінін де түнде жазам ғой деймін. Күндіз оны жазбаймын. Ал түнде сіздермен ойларыммен бөлісіп отырармын.

Бірақ сонда да түнгі режимімді жөндеу үшін барымды салып, күресетін боламын", - деп жазған ол елден осыған байланысты ақыл-кеңес сұрады.

Алайда оқырмандардың көбі Дәурен секілді түнде ұйықтамайтын болып шықты.

"Мен ұйықтамаймын", "Иә, менде де сол жағдай", "Телефонды өшіріп қою керек екен. Сонда ғана түнді дұрыс ұйықтауға болады", "Жастық астына сарымсақ салып қою керек дейді", - деп жазды олар.

Өзі сияқты оқырмандарына Дәурен ортақ түнгі чат ашу туралы ұсыныс жасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928576-tuni-boiy-koz-ilmei-sygamyn-dauren-aidarqulov-elge-zan-syryn-aqtardy/