RU

"Кінәлі біз емес": Мадина Сәдуақасованың мұңды жазбасы елді алаңдатты

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова желіде аса әсерлі жазба жариялап, жанкүйерлерін алаңатып қойды. Қалың көпшілік өнер иесінің мұндай сөздерді жазуына не түрткі болғанын біле алмай әлек деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram желісінде аса мұңды жазба қалдырып, оқырмандарын ойландырып қойды.

"Кінәлі біз емес. Кеудемді енді сен емес, мұң болып әнім құшады", - деп жазып қойды әнші.

Эстрада жұлдызының бұл сөздері бірден ел арасында қызу талқыланып, көптеген пікірлерге ие болды. Бірі әртіске қолдау білдірсе, енді бірі оны сұрақтың астына алды.

Қалың көпшілік өнер иесінің мұндай жазбасы жеке өміріне тікелей байланысты деп болжауда. Олар Мадина Сәдуақасовадан жолдасымен қарым-қатынасы туралы білуге тырысты.

"Не болып қалды? Бәрі жақсы еді ғой", "Жолдасыңызбен тағы келіспей қалдыңыздар ма", "Мына жазбаңыздан қорқып қалдым. Не болып қалды сізге", "Бәрі жақсы болады. Сынақты мықтыларға береді", "Мадина ханым қатты көңіліңізді түсірмеңіз. Бәрі жақсы болып кетер", "Бұл сөздерді қалай түсінуге болады", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928669-kinali-biz-emes-madina-saduaqasovanyn-mundy-zazbasy-eldi-alandatty/