jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    "Қазақтың Дженниферы": Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы қызу талқыға түсті (фото)

    Жұлдыз Әбдікәрімова
    Фото: Instagram/zhuldyzabdukarimovaofficial

    Отандық танымал актриса әрі тележүргізуші Жұлдыз Әбдікәрімова желіде ерекше образын паш етіп, қалың көпшілік арасында пікірталас тудырды. Бірі өнер иесінің жаңашылдыққа деген ұмтылысын қолдаса, енді бірі оны сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Жұлдыз Әбдікәрімова Instagram парақшасында жаңа видео жариялап, оқырмандарын қатты таңғалдырды. Бейнежазбада ол ерекше образда бой көрсеткен.

    Желі қолданушыларының кейбірі тіпті Қайрат Нұртастың келіншегін танымай қалған.

    Олар Әбдікәрімованы мұндай кейіпте көріп үйренбегенін алға тартып, оның образына қатысты шынайы пікірлерін жазды. Жұлдыздың жаңа стилі біреуге ұнап жатса, енді бірінің көңілінен мүлдем шықпаған.

    "Шаш үлгісі мен киім сіздікі емес. Жараспай тұр", "Сізге көбіне қазақи жабықтау киімдер жарасады екен", "Мынадай кейіпте көрген бір түрлі екен", "Бұл Жұлдыз ба шынымен? Танымай қалдым", "Жұлдыз сізге бәрі жарасады. Мына киім үлгісі фигураңызды ерекше көрсетіп тұр. Нағыз қазақтың Дженниферы болып қалыпсыз", "Жаңашылдықтан қорықпаңыз. Сізге бәрі жараса кетеді", "Недеген фигура", "Қайрат қайда? Біргесіздер ме?", - деп жазуда көпшілік.

    "Қазақтың Дженниферы": Жұлдыз Әбдікәрімованың жаңа образы қызу талқыға түсті (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.