Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалаулымдық жұп Еркебұлан мен Жанерке тағы да сәбилі болмақ (фото)

Опубликовано:

Еркебұлан Ахметбек пен Елшін Жанерке
Фото: Instagram/elshinzhanerke

"Қалаулым" жобасы арқылы қалың көпшілікке танылған Еркебұлан Ахметбек пен Жанерке Елшін жақын арада тағы да сәбилі болмақ. Блогер ару екінші перзентіне аяғы ауыр екенін ресми түрде растады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қуанышы қойнына сыймаған жас ата-ана бұл жаңалығымен бірден Instagram желісінде бөлісуді жөн көрген. Олар жанұясының тағы бір сәбимен толығатынын жария етіп, барша жанкүйерлерін қуантқан.

Блогерлер қалың көпшіліктен сүйінші сұрап, парақшаларында әсерлі жазба жариялап қойған.

"Бүгін біздің шаңырақ көтергенімізге 3 жыл. Осыған орай сүйінші сұрағым кеп тұр, екінші отбасым. Сіздер бұл жаңалықты күттіңіздер, білемін. Қуанышты бөліссең, көбейеді емес пе?!.Ендеше, құттықтап қойыңыздаршы. Аллаға сансыз шүкір. Бұйырса, Ахмет-Алиіміздің бауыры не қарындасы болады. Жүрегімнің астында тағы да бір кішкентай жүрек бүлкілдеп соғып тұр. Біздің махаббатымыздың тағы бір жемісі пісіп, үзіліп түспекші.
Расымызды айтсақ, еш ойламаған жерден осылай болды. Күтпеген кезде келіп, өмірімізге күн болып нұрын шашуда періштеміз. Аликошымды босанғаннан кейін дәу болса да, қаншалықты ауыр болса да, ішімді кәдімгідей сағынған едім. Мінеки, көп ұзамай, сол томпашка күйіме қайта келдім. Ерекеңе бұл тосын сыйды қалай жеткізгенімді, ата-анамызға қалай айтқанымызды және т.б. да туындап жатқан сұрақтарға ертеңнен бастап жауап беремін ғой", - деп жазды жас ана.

Еркебұлан Ахметбек те өз аудиториясына қуанышын ерекше жеткізген.

"Енді Жанерке біздің жаңалығымызды айтып қойыпты ғой. Мен өзім бөлісейін дедім. Бұған өзім дайын болған жоқпын,екеумізде дайын болған жоқпыз. Білгенде не айтарымды білмей қалдым,Батырға қарап қоям. Ішімнен,-аға боласың ғой депАлланың сыйы. Шүкір! Бүгін енді біздің отау құрғанымызға 3 жыл болып қалыпты. Соған орай осы жаңалықпен бөлісуді шештік. 2 дүркін "ке болған қалай екен?Жұғысты болсын! Алдын ала рахмет", - деп ағынан жарылды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1928992-qalaulymdyq-zup-erkebulan-men-zanerke-tagy-da-sabili-bolmaq-foto/

pixel