Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Cөмкелерін көрсетіп мақтанған Ерке Есмахан елден сөз естіді (видео)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Фото: Instagram/erke_esmahan

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Ерке Есмахан өз киім үлгісіне сай сөмке таңдай алмай, жанкүйерлерінің көмегіне жүгінді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы желіде өз сөмкелерін көрсетіп, көпшіліктен көмек сұрады. Әнші олардың ішінен қайсысын таңдарын білмей, Instagram парақшасында сауалнама жүргізген.

Желі қолданушылары сүйікті әртісіне бірден көмекке келіп, оған өз пікірлерін жарыса жазған. Олардың басым көпшілігі өнер иесіне бәрі жараса беретінін жазған. Ал кейбірі оны асқан мақтаншақ деп атады.

"Ерке сөмкелеріңізден үй салуға болады", "Қанша сөмкеңіз бар сонда? Тым көп қой", "Сізге бәрі жарасады", "Маған екінші және тқртінші сөмке ұнады", "Қара түстісі мына киім үлгісіне жақсы жарасады екен", "Енді сөмкелердің санымен мақтанасыз ба", "Мақтанып тұрғандайсыз", "Ерке образ сізді емес, сіз образды ашатын жансыз ғой. Сол себепті кез келген сөмкені таңдай беріңіздер", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929016-comkelerin-korsetip-maqtangan-erke-esmaxan-elden-soz-estidi-video/

pixel