Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Анасының рухы қолдап тұрған болар": Рахман Омардың тұңғышы шаңырақ көтерді (фото, видео)

Опубликовано:

Рахман Омар жаңа түскен келінімен
Рахман Омар жаңа түскен келінімен және үш ұлымен. Фото: instagram.com/rakhmanomar/

Танымал актер, тележүргізуші Рахман Омардың тұңғыш ұлы шаңырақ көтерді. Бұл туралы өнер иесі өзінің Instagram парақшасында жазып, елден сүйінші сұрады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алғаш рет келінді болған актер өзінің шаңырағындағы қуанышымен бөлісіп, әсерлі жазба қалдырды. Өз жазбасында ол марқұм жұбайы, үш ұлының анасын еске алған.

"Әке арманы орындалды. Аллаға мың да бір шүкір. Төл басы Досханым сүйіктісін тауып, келінді болдым. "Көрінген таудың алыстығы жоқ " деген осы болар. Талай қазақ ұл-қызының қосылуына (асабалық) себепкер болып, талай ата-ананың ақ батасын алып едім.

Енді міне, менің үлкен шаңырағымда ұлы қуаныш. Анасы Гүлдерайымның да рухы төбемізде қолдап тұрған болар... Құдаларым Арал өңірінің (Қызылорда) тумалары. Руы - Әлім. Керемет жандар. Аллаға шүкір. Осы уақытқа дейін мені қолдап келген баршаңызға алғысым шексіз", - деп жазды ол.

Сонымен бірге Рахман Омар ұлының қуанышынан суреттер салып, келінін елге көрсетті.

Рахман Омар үлкен той алда екенін, әзірге тек келінді үйге әкеліп түсіргенін айтты. Жас жұбайлар АХАЖ бөліміне барып, некесін қидырған.

"Келінді шаңыраққа әкелдік. Үлкен той алда", - деп жазды ол.

Айта кету керек, Рахман Омардың бірінші некесінен үш ұлы бар. Оның бұрынғы жұбайы Гүлдерайым Омарова бұдан үш жыл бұрын қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929570-anasynyn-ruxy-qoldap-turgan-bolar-raxman-omardyn-tungysy-sanyraq-koterdi-foto-video/

pixel