RU

"Бұл аурудан құтылмаймыз-ау": Сұлтанқызының жақындары жаппай коронавирус жұқтырды

Ләйлә Сұлтанқызы
Фото: Instagram/sultankyzy

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы жақындарының жаппай коронавирус жұқтырып жатқанын хабарлап, елді алаңдатып қойды. Ақпарат өкілінің анасы мен інісі ғана дерттен аман қалған. Олар вирусқа қарсы вакцина салдырған болып шықты деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ләйлә Сұлтанқызы Instagram парақшасында тағы да COVID-19 тақырыбын көтерді. Тележүргізуші бүгінде қауіпті дерттен құтылудың жалғыз жолы вакцина салдыру деп біледі.

Ол осы жолы да оған көз жеткізіпті. Ақпарат өкілінің екпе қабылдамаған жақындарының барлығы дерлік коронавирус жұқтырып алған.

Ал вакцина салдырған анасы мен інісі бұл аурудан аман қалған.

"Бұл тақырыпты енді қозғағым келмесе де алдымнан шыға береді. Алысқа барып қайтем. Өзімнің жақындарым ауырып жатыр. COVID-19. Бұл аурудан құтыла алмаймыз-ау мына түрімізбен. Жеңгем мен інім үй ішімен ауырып қалды. Тек мамам мен ағамның үлкен ұлы (20 жаста) ғана аман-сау. Өйткені олар вакцина салдырған.
Інімде аллергия бар, жеңгем бала емізеді, қалғандары 18-ге толмаған. “Енді осыдан сауығып шықсақ, денсаулықты толық тексертіп барып, вакцина аламыз” деп отыр. Ауырып жатқандарға Алла шипасын берсін! Тезірек жазылып кетсін! Қазір өзім де ковидтан кейін, деннің саулығы үшін күнара тренировка жасайтын болдым", - деп жазды Сұлтанқызы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1929602-bul-aurudan-qutyla-almaimyz-au-laila-sultanqyzynyn-zaqyndary-zappai-koronavirus-zuqtyrdy/