Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Корей қызы": Айжұлдыз Адайбекова қолаң шашын қиып тастады (фото)

Опубликовано:

Айжұлдыз Адайбекова
Фото: Instagram/aizhuldyz_adaibekova

Отандық танымал актриса әрі дизайнер Айжұлдыз Адайбекова шаш үлгісін өзгертіп, қалың көпшілікті таңғалдырды. Жанар Айжанованың қызы қолаң шашын қиып тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жас ана Instagram желісінде оқырмандарына жаңа шаш үлгісін көрсетті. Фотода Айжұлдыз Адайбекованың қысқа шашпен тұрғанын көруге болады.

Аталмыш сурет бірден желі қолданушыларының қызу талқысына түсті. Олар актрисаның кореялық аруларға қатты ұқсап қалғанын жазуда.

Кейбір оқырмандар баласы бар жұлдыздың жасөспірім сияқты болып қалғанын айтты.

"Күшті жарасып тұр", "Өте әдемі", "Көрей қыздары сияқты болып қалдыңыз", "Жасөспірім деп қалдым", "Танымай қалдық", "Бұл өзгеріс керек болған секілді", "Бірақ қолаң шашыңызды қалайша қидыңыз", "Ұзын шаш үшін жүрегім ауырып тұр", "Сізге қатты жарасып тұр", - деп жазды көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930060-korei-qyzy-aizuldyz-adaibekova-qolan-sasyn-qiyp-tastady-foto/

pixel