Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Төреғали Төреәлі анасын туған күнімен ерекше құттықтады (видео)

Опубликовано:

Төреғали анасымен
Видеодан кадр: Instagram/toregalitoreali

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Төреғали Төреәлі 50-ге толған анасын ерекше құттықтады. Өнер иесі анасының туған күнінде оған естен кетпес тосынсый жасаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Төреғали Төреәлі еліміздегі эпидемиологиялық ахуалға байланысты анасына дүркіретіп той жасаудан бас тартты. Алайда, әнші анасын қуантудың амалын ойластырып қойған.

Ол ет-жақындарын жинап, өз үйінің ауласын безендіріп қойған. Кейін туған күн иесін сол жерге алып шығып, тосынсый жасаған. Өнер иесі анасына 101 раушан гүлін сыйға тартса, келіншегі мен қарындасы далада дастархан жайған.

Эстрада жұлдызы анасын жаңа жасымен қалай құттықтағанын Instagram парақшасында көрсетті. Ол туған күннен видео жариялады.

"Аяулы анашымның туған күні. Қымбат қой кім-кімге де ана деген! Кеше, анамыздың туған күнін атап өткен болатынбыз. Жарты ғасырлық мерей тойын жақындырмен жиналып жарқыратып жасауға да болушы еді. Еліміздегі, әулетіміздегі, жан-жағымыздағы жағдайларды көре тұра арқа-жарқа тойлату жанымызға жат болғасын, жолын ғана жасап қоюды жөн көрдік. Анашым, әкем екеуіңіздің қуаныштыарыңызды Алла қаласа әлі талай тойлармыз. Ұл қыздарыңыздың ортасында күліп-ойнап есен-аман жүріңіздер! Ел іргесі аман болсын ағайын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары "ұлы дала баласына" тәнті болып, оның анасына өз ақ тілектерін жаудырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930071-toregali-toreali-anasyn-tugan-kunimen-erekse-quttyqtady-video/

pixel