RU

"Келін" үнді сериалы арқылы халыққа танылған белгілі актер қайтыс болды

үнді актері11
Фото: instagram.com/siddharth_shukla0001

Қазақстандықтарға "Келін" үнді сериалы мен "Бизнес по-казахски" фильміндегі рөлімен танымал актер Сиддхартх Шукла өмірден өтті. Продюсер 40 жаста еді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сиддхартх Шукла жүрек талмасынан қайтыс болған. Мумбайлық дәрігерлер оның өлімін растаған.

Болливуд үшін актердің өлімі нағыз шок болып отыр. Әріптестері марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтып, продюсердің өмірден ерте кеткенін айтуда.

Сиддхартх Шукланың артында екі қарындасы мен анасы қалды.

Айта кетейік, Сиддхартх Шукла - Болливудтағы танымал актер, модель, тележүргізуші әрі продюсер. Ол Ананди есімді қыздың тағдырын баяндайтын "Келін" үнді сериалы арқылы қазақстандық көрерменнің көзайымына айналған.

Актер Қазақстанға да келіп, продюсер Нұрлан Қоянбаевтың "Түнгі студия" бағдарламасында қонақ болып, кейін оның "Бизнес по-казахски" фильміне түскен еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930155-kelin-undi-serialynyn-akteri-qaitys-boldy/