Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Есімі - Табрисхан": Актриса Мадина Оспанова тұңғышын қырқынан шығарды (видео)

Опубликовано:

Мадина Оспанова
Фото: Instagram/ospanova.mm

Отандық танымал актриса Мадина Оспанова баласын қырқынан шығарып, оған қандай есім бергенін жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Оспанова перзентін қырқынан шығару шарасы қалай өткенін өзінің Instagram парақшасында көрсетті. Ол жанкүйерлерінің назарына арнайы видеоларды ұсынды.

Жас ата-ана өмірлеріндегі маңызды күндердің біріне тек ет-жақындарын ғана шақырған. Туған-туыстары келіп, нәрестеге өз ақ тілектерін айтып кеткен.

Сондай-ақ өнер иесінің тұңғышына қандай ат бергені белгілі болды. Дүние есігін енді ғана ашқан сәби Табрисхан деген ерекше есімге ие болған.

"Табрисхан қырқынан шығару. Аллаға шүкір бүгін баламызды қырқынан шығардық. Өзіміз отбасымызбен тілектерімізді айтып, Алла қаласа барша тілеген тілектеріміз қабыл болсын, сіздерге де осындай қуаныш жұғысты болсын. Видеоның дәл осы бөлігі осында қалсын. Алихан ағасының тілектерін қараңыз. Нағыз қазіргі заманға сай тілектер ғой", - деп жазды актриса.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930273-esimi-tabrisxan-aktrisa-madina-ospanova-tungysyn-qyrqynan-sygardy-video/