RU

"Бақыттан басы айналып жүр": Жолдасымен түскен суретін жариялаған Исабекова елді тәнті етті

Мақпал Исабекова жолдасымен
Фото: Instagram/makosyai

Отандық танымал әнші Мақпал Исабекова жолдасымен демалыстағы суретін жариялап, елді қызықтырып қойды. Өнер иесі әлі де күейеуінің түрін көпшілікке көрсетуге дайын емес екенін жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мақпал Исабекова Instagram парақшасында күйеуімен түскен суретін бөлісіп, жанкүйерлерін тағы бір мәрте қуантты. Фотодан ерлі-зайыптылардың қол ұстасып, жағалауда серуендеп жүргенін көруге болады.

Желі қолданушылары жас жұбайларға тәнті болып, оларға деген өз жылы лебіздерін білдірді. Бірі ақ тілегін жолдап жатса, енді бірі әнші арудан тезірек жолдасының түрін көрсетуін сұрады.

"Қашан көреміз түрін? Күтіп шаршай бастадық", "Өте жарасымды жұп. Сіз қасында кішкентай қыз секілдісіз", "Бақыттан басы айналып жүр. Махаббаттарыңыз баянды болсын", "Тіл көзден сақтасын. Тәтті жұпсыздар", "Дженнифер Лопес пен Бен Аффлек", "Артыңыздан фигураңыз енді от екен", "Жолдасыңыздың бағы бар екен. Фигураңыз от", "Күйеуіңізбен қашан танысамыз", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930279-baqyttan-basy-ainalyp-zur-zoldasymen-tusken-suretin-zariyalagan-isabekova-eldi-tanti-etti/