RU

"Ура, олар бірге": Қайрат Нұртастың жұбайымен түскен видеосы қызу талқыға түсті (видео)

Жұлдыз бен Қайрат
Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұрстас. Кадр: instagram.com/kair_n/

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімованың бірге түскен видеосы желіде қызу талқыға түсті. Өнер иесінің Instagram желісіне салған бейнеролигін көрген жұрт оларды қайта қосылды деп болжады.

Естеріңізде болса, Жұлдыз Әбдікәрімова мен Қайрат Нұртастың жеке өмірі көптен бері ел аузында. Олардың өмірі мен әр қадамын бақылап отыратын қырағы оқырмандар жұлдызды жұпты ажырасып кетті деген болжам айтып жүр.

Хитменнің отбасы туралы түрлі қауесет әлеуметтік желілердегі пабликтерде де өріп жүргелі біраз болған еді.

Алайда күні кеше Қайрат Нұртас желідегі оқырмандарына жұбайымен түскен ерекше видеосын бөлісіп, жұртты қуантып тастады. Видеода Қайрат пен Жұлдыздың қол ұстасып келе жатқан бейнесі таспаланған. Бұл видео халықтың жұлдызды отбасы ажырасып кетті деген қауесетін сейілткендей болды.

Әдеттегідей желідегі белсенді оқырмандар бұл жолы да үнсіз қалған жоқ. Олар төрт баланы тәрбиелеп отырған ерлі-зайыптылардың бірге жүргеніне қуануда. Олардың арасында танымал әнші Жазира Байырбекова да бар.

"Ура, олар бірге!", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930473-ura-olar-birge-qairat-nurtastyn-zubaiymen-tusken-videosy-qyzu-talqyga-tusti-video/