Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белгілі отандық композитор коронавирустан қайтыс болды

Жарияланған күні:

Яков Хан
Яков Хан. Фото: facebook.com/igor.khan.14

Танымал қазақстандық музыкант әрі композитор Яков Хан 80 жасына қараған шағында өмірден өтті. Бұл туралы оның немересі Игорь Хан өзінің Facebook желісіндегі парақшасында мәлім етті, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Тым ерте кетті. Мен үлгі ететін аңыз атам. 80 жасқа келгеніне қарамастан қуатты, мейірімді, тәртіппен өмір сүретін адам еді. Мен үшін, өзінің мыңдаған шәкірті үшін, отбасымыз үшін үлгі болып кетті. Қазақстандағы джаз өнері мен оркестрінің ең керемет ұстазы", - деп жазды ол.

Танымал музыкант коронавирус инфекциясының салдарынан қайтыс болған.

Композитордың өліміне Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да көңіл айтып, желіде жазба жариялады.

"Өкінішке қарай, COVID адамдардың өмірін жалмап жатыр. Бүгін тағы бір керемет тұлғаны алып кетті. Яков Ханның отбасы мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстандағы танымал музыкант, композитор, джазмен артында бай шығармашылық мұрасын, оранжировкаларын, түрлі жанрлардағы туындыларын қалдырып кетті. Ұзақ жылдар бойы "Сазген сазы" фольклорлық-этнографиялық ансамблімен серіктестік жасаған еді. Олар үшін қаншама мықты туындылар жазды. Өкінішке қарай, осы бір керемет жанның ғұмыры үзілді", - деп жазды ол.

Айта кету керек, Яков Хан әйгілі Роза Рымбаева мен Батырхан Шүкенов өнер көрсеткен "Арай" тобының құрамында болған. Одан бөлек корей театрында музыкалық спектакльдерін қойып, бірактілі бірнеше туындыларға ән жазған. Соңғы уақытта жарынды композитор джаз өнерін жастарға үйретумен айналысып жүрген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930498-belgili-otandyq-kompozitor-koronavirustan-qaitys-boldy/