Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ерімнің бұйрығын орындадым": Жорабаева дезинфекция жайлы жазбасына пікір білдірді

Жарияланған күні:

Алтынай Жорабаева
Фото: Instagram/altynaizhorabayeva

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Алтынай Жорабаева желіде дезинфекция жайлы жариялаған жазбасын не себепті өшіріп тастағанын айтып берді. Өнер иесі биліктен қорықпайтын болғанымен, жолдасының бұйрықтарын орындайтынын жеткізді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Алтынай Жорабаева бұған дейін Instagram желісінде дезинфекция жайлы өз ойын ашық айтып, жазба жариялаған болатын. Аталмыш жазба қалың көпшілік арасында бірден қызу талқыланып, көптеген пікірге ие болды.

Алайда, кейіннен әнші оны өшіріп тастады. Өнер иесі бұл қадамға баруының себебін әлеуметтік желіде түсіндірді. Белгілі болғандай, әртістің жазбаны өшіруіне күйеуі себеп болған.

"Неге “дезинфекция” жайлы жазбаны өшірдім? Мен биліктен емес, тек бір Алладан ғана қорқамын. Әйел үшін, Алладан кейін ер азаматы тұрады (әрине, ол үшін ер азамыты әйел затын сыйлайтын , жүрегінде иманы болса). Кешегі постты салған соң, Әлішер маған "неге осы әншілерден жалғыз өзің осындай посттар саласың?Билік бәрібір өзінікін жасайды! Соңында “провокатор” болып қаласың! Түсінемін, жаның ауырып отыр . Бірақ билікпен нағыз мамандардың өзі күресіп жүрсе де, оларды елемей отыр. Өшір постты" деген соң, ашуланып тұрсам да ерімнің бұйрығын орындадым.

Сол жазбамды пабликтер жарыса салыпты. Тағы бір “білімді інішек” менің әр жазған сөзіме тоқталыпты. Сол жерде мені белгілеп жатқан соң оқып шықтым. Түсінемін, дезинфекция екен! Балалар оқитын мекемені дезинфекциялап жүрген адам, неге өзі тұмшаланып алған? Яғни зиян! Ал балалар үшін ше? Жарайды, тексеріпті. Онда оның пайдасы қанша? Қараңғы емес, көгереңдеп күн батқан сәт екен! Қазір күннің өзі 20:30-дан ары қарай батады. Неге мектеп басталғанда жасалып отыр? Мектепке дейін 1-2 күн бұрын, құдайдың күндізінде жасаса болмайды ма?

Естеріңізде болсын! Қазіргі үйде пайдаланып жүрген дезинфекция жасайтын заттардың өзі ағзаға зиян! Себебі, рак , аллергия ауруларын тудырады! Иммунитет түсіреді. Ал мыналар қандай затпен дезинфекциялауда? Өзі тұмшаланса, яғни зиян! Иммунитет түссе, вирус тез жұғады! Негізі қазір көптеген органикалық үй тазалайтын, дезинфекция жасайтын сұйықтықтар көп. Ол үй тазалайтын сұйықтықтармен тіпті, ауыз қуысын , ашық жараларды, тазалап отырмыз.

Тазалағыш болса, мектептерге, яғни болашағымызды дайындайтын мекемелерде неге органикалық сұйықтықтармен дезинфекция жасамайды? Міне осындай “білімдісымақ, ақылсымақ адамдар” ортаға түсіп, соңында жабулы қазан жабулы болады. Мен ана ретінде жұмбаққа жауап іздеген едім. Ал мұндай, тіпті медицинаға қатысы жоқ өсекпен айналысқан еркексымақтар “әдемі жауап бердім” деп мәз екен", - деп жазды әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930547-erimnin-buirygyn-oryndadym-zorabaeva-dezinfekciya-zaily-zazbasyna-pikir-bildirdi/