Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күтпеген оқиғаға толы үшінші маусым: Атышулы «Келінжан» қайта оралды

Опубликовано:

«Келінжан 3»
Фото: Хабар телеарнасы

«Хабар» телеарнасы жаңа маусымда өз көрермендеріне «Келінжан» комедиялық сериалының жалғасын көрсетуге дайын. Танымал телехикаяның үшінші маусымы күтпеген оқиғаларымен бұрыннан да қызық болады.

Телетуындының ерекшелігі – отбасылық өмірдің қызығы мен шыжығы шынайы суреттеледі. 15 бөлімнен тұратын «Келінжанның» үшінші бөлімі бүгіннен бастап кешкі 21:30-да «Хабар» арнасынан көрсетіле бастайды. Алғашқы екі маусымның актерлерін халық өте жақсы қабылдады. Үшінші маусым ортаға жаңа кейіперлердің қосылуымен ерекше болмақ.

«Хабар» арнасы жаңа маусымда «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты зияткерлік ойын телевизиялық жобасын көрерменге ұсынды. 45 минуттық бағдарламада 10-11 сынып оқушылары білімдерін сынайды. Бағдарламаның алғашқы шығарылымы осыдан 22 жыл бұрын көрерменге жол тартты. Содан бері мыңдаған жасөспірімдер жобаның арқасында білімнің биік шыңдарын бағындырып келеді.

Жаңа маусымның жаңа жобасы - «Әке бақыты» бағдарламасында елімізге танымал жұлдыздар балаларымен бірге уақыт өткізіп, әке мен бала арасындағы қарым-қатынастың жарқын үлгісін көрсетеді. Бағдарламаның мақсаты – баланың тұлға ретінде қалыптасуындағы әке рөлінің маңыздылығын айқындау, отбасы құндылығын дәріптеу. Терең тәрбиелік мәні бар «Әке бақыты» бағдарламасын әр сенбі сағат 11:00-де «Хабар» арнасынан тамашалай аласыздар. Бірінші шығарылымның кейіпкерлері Қазақстанның еңбек сіңірген әншісі - Рамазан Стамғазиев пен Олжас Рамазанұлы.

Экологиялық тақырыптағы алғашқы қазақстандық реалити-шоу - «ECO MEKEN» көрерменге жол тартты. Шоуға 16 үміткер қатысады. Олар түсірілім барысында білімін арттырып, елдің экологиялық хал-ахуалын жақсарту жолында үлкен тәжірибе жинайды. Реалити-шоудың жеңімпазы өз эко-жобасын жүзеге асыруға мүмкіндік алады. Жоба әр жексенбі сағат 19:30-да көрсетіледі.

Бүгін, дүйсенбі күні, 22:30-да «Хабар» телеарнасында «Национальный интерес» бағдарламасы көрерменге жол тартады. Ток-шоу форматындағы жоба аясында бағдарлама авторы әрі жүргізушісі Ерлан Бекхожин шоу қонақтарымен еліміздегі өзекті тақырыптарды талқыға салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930586-kutpegen-oqigaga-toly-usinsi-mausym-atysuly-kelinzan-qaita-oraldy/

pixel