RU

"Үйде әңгіме болды": Салтанат Бақаева енесі туралы жазба жариялады

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева отбасымен. Фото: instagram.com/saltanat_bakayeva/

Танымал әнші Салтанат Бақаева келіндік өмірі туралы естеліктермен бөлісті. Ол жолдасының анасы туралы айтып, ерекше жазба қалдырды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Салтанат Бақаеваның айтуынша, алғаш келін боп түскен кезінде ол пысықтығымен ерекшеленбеген. Тіпті, жолдасы жұмыста болған күндері құрбыларымен қыдырып кететінін еске алды әнші. Десе де, мұндай қиындықтарға қарамастан, ол енесіне қатты ұқсайтынын да айта кетті.

"Келін қайын ененің топырағынан деген рас! Біз екінші мамам екеуміздің ұқсайтын тұстарымыз өте көп. Екеуміз де өнерліміз, анамыз үнемі ыңылдап ән айтып жүреді, мен де дәл солай. Негізі ене мен келіннің қарым-қатынасында көп нәрсе келіндерге байланысты. Жаңа түскен келінге ата-енесімен сыйластық, мейірімдлікпен бөлісуге жасқанбаған дұрыс. Өз басым жаңадан келін болып түскенімде жолдасым жұмыстан келмегенінше мен де түзде құрбыларыммен немесе театрда ұзағырақ болуға тырысатынмын. Содан соң үйде әңгіме болды.

Салтанат барынша өзгергісі келмеді, жұлынды, бұлқынды дегенімен қазіргі постты жазып отырған Салтанат басқа. Бұрынға “картоп аршымаймын" деген Салтанат мүлдем басқа адам. Және меніңше бұл дұрыс, адам өзгеру керек, даму процессі жүру тиіс, өзгеру қашанда қиын. Дегенмен сен басқа сатыға көшесің, басқа дүниелерді түсіне бастайсың. Әрине бастапқы кезде біз келіндер көптеген қателіктер жасаймыз, ол да керек шығар. Ссол қателіктердің арқасында оң мен солды ажырата бастаймыз. Мені дұрыс түсініңіз, өзгеру дегенім өзіңді жоғалту емес керсінше өзіде бар тәрбиеңді, білгеніңді тереңдету!", - деп жазды ол.

Сонымен бірге ол жас келіндерді енеге құрметпен қарауға шақырды.

"Әрқашан бір-бірімізден жақсы қасиеттерді іздейік. Кейде біреулер айтып жатады, енем осылай сөйлейді, тиісе береді не үшін сыйлаймын деп?! Менің оларға айтарым: қыздар, жолдасыңызды жақсы адам қылып тәрбиелегені үшін, жұмытарыңызбен жүргеніңізде балаларыңызға қарап отырғаны үшін риза болыңыз. Ризашылық сезім жүректі жібітеді. Кез-келген адамнан жаман нәрсе емес жақсылығын көре білгенде сіз бақытқа бөленесіз", - дейді Салтанат Бақаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930604-uide-angime-boldy-saltanat-baqaeva-enesi-turaly-zazba-zariyalady/