Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұл болатынын сезіп тұрмын": Төртінші сәбиіне аяғы ауыр Салтанат Бақаева гендер-патидің жауабын айтты

Опубликовано:

Салтанат Бақаева
Салтанат Бақаева отбасымен. Фото: instagram.com/p/CTgN2SMCiqT/

Әнші әрі актриса Салтанат Бақаева қазіргі күні төртінші сәбиіне аяғы ауыр. Үш ұлдың анасы гендер-пати жасап, көпшілікке болашақ сәбиінің жынысын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Жақындары мен туған-туыстарына арнап гендер-патиді Бақаева мен оның жолдасы бұдан бірер күн бұрын өткізген-ді. Алайда, олар сәбиінің ұл не қыз болатынын оқырмандарына жария етпеген.

Араға бірнеше күн салып, әнші желідегі парақшасында іс-шараның "жауабымен" бөлісті.

"Менің оқырмандарым! Сіздерді сыйлаймын сөз жоқ, сіздердің пікірлеріңізге құлақ асамын, ойларыңыз маңызды! Отбасымыз үшін маңызды ақпаратты сіздерге де айтқам келіп отыр. Видеоны көріп өз пікірлеріңізді, лүпілдеріңізді аямаңыздар! Қыз ба, ұл ма - жауап видеоның соңында", - деп жазып қойған ол.

Әнші жариялаған видеода жиналған отбасы мүшелері өз болжамын айтып шыққан. Мәселен, жұлдызды жұптың балалары мен Салтанаттың анасы сәбидің қыз болғанын қаласа, енесі "ұл болатынын сеземін" деген жауап айтқан. Ал Салтанат пен оның жары үш ұлдан кейін қыз күтіп жүргендерін жеткізді.

Видеоның соңында арнайы әзірленген шардан көк түсті ленталар шыққан.

Оқырмандар отбасылық шараға жылы лебіздерін аяған жоқ.

"Салтанат, кім болса да, аман болсын!", "Қыз болсын деп тілеп едік! Қызды қалап тұрсыз ғой! Аман болсыншы", "Бұл деген керемет жаңалық қой", "Енеңіз беске біледі екен сізді", "Аман-есен жаныңыз қалсын. Ұлдарыңыз сіздердің тілегіңіз және мақтанышыңыз болсын. Өзімнің 3 ұлым бар, мен де қыз қалаймын", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930782-ul-bolatynyn-sezip-turmyn-tortinsi-sabiine-ayagy-auyr-saltanat-baqaeva-gender-patidin-zauabyn-aitty/

pixel