Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Көйлегімнен кесілген шаш пен тырнақ тауып алдым": Айгүл Мүкей басынан өткен жайтты бөлісті

Опубликовано:

Айгүл Мүкей
Тележүргізуші Айгүл Мүкей. Фото: instagram.com/aigulmukei/

Танымал тележүргізуші әрі журналист Айгүл Мүкей желідегі оқырмандарына басынан өткен оқиғасын бөлісті. Тележұлдыз бұдан жиырма жыл бұрын көйлегінің етегінен қиылған шаш пен тырнақ қалдықтарын тауып алғанын еске алып, оқырмандарына ой салды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Айгүл Мүкей бұған дейін мұндай сенім-нанымды "ескіліктің қалдығы" деп есептеп келгенін жасырмады.

Алайда, бұдан жиырма жыл бұрынғы оқиға оның "көз тию" ұғымына деген көзқарасын түбегейлі өзгерткен.

"Мен көз тиюден, тіл-көзден қорқатын болдым. Бұрын ондай болмаған. Бұл нәрселердің барлығын ескіліктің түсінігі және түкке тұрғысыз сенім-наным деп есептейтін едім. Бірақ, өмірге бала келген соң, көзқарас та өзгереді", - деген бұрынғы тележүргізуші басынан өткен жайытты еске алды.

"Бір күні "гримеркаға" тоқыма көйлегімді тастап кеткен едім. Өзім пенжек пен белдемшемді кидім де, эфирден соң үйге кеттім. Кейін қалдырып кеткен көйлекті киіп, Бішкекте құрбыма бардым. Кездесіп, құшақтасып жатырмыз. Кенет, құрбымның жағдайы нашарлап кетті. Нақты не болғаны есімді жоқ (жиырма жыл бұрынғы оқиға), бір кезде ол маған "көйлегіңді берші" дейді. Көйлекті алып, етегін сөгіп жіберді. Көйлектің етегіне біреу өзге адамның кесілген шашы мен тырнақ қалдықтарын салып тастапты. Есіме алсам, жаман боламын", - дейді Айгүл Мүкей.

Айгүл Мүкейдің бастан кешкен оқиғасына қатысты оқырмандар да белсенді түрде пікір білдірді.

"Мұндай да бола ма?! Сенбейтін едім", " Тіл-көзден аман болыңыз!", "Бұдан қалай сақтануға болады? Сұмдық қой!", "Көп адамдар сенбейді ғой. Бірақ жиі кездесіп жатады", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930800-koilegimnen-kesilgen-sas-pen-tyrnaq-tauyp-aldym-aigul-mukei-basynan-otken-zaitpen-bolisti/

pixel