"Біреудің отбасын бұзып": Жазира Байырбекова жас қыздарға шүйлікті
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова отбасылы азаматтармен қарым-қатынас құратын арулар жайлы өз ойын айтты. Өнер иесі желіде арнайы жазба жариялаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Жазира Байырбекова Instagram желісі арқылы жас қыздарға үндеу жасап, өзінің келелі кеңесімен бөлісті. Ол біреудің отбасын бұзып, қиянат жасау кейін әркімнің алдына қайтып келетінін ескертті.
"Дайрекке бір отбасылы ер адамға ғашық болып жүрген бір қыздан хат келіпті. Бірақ,ойымды барша жас қыздарға айтқым келді. Кей қыздар сезімге берілсе,кей қыздар материалдық жағдайын жасау үшін біреудің отбасын бұзып,бала-шағасын тірі жетім етіп жүр. Біреуге жасаған қиянат өзіне,не ұл-қыздарына қайтып келетінін бәріміз білеміз ия?! Баршамыздың ұл-қыздарымызды Алла тағалам түзу жолдан тайдырмаса екен, Ешкімге қиянат жасамайтын жолмен бақытты болса екен деп Алладан тілеймін", - деп жазды әнші.
Желі қолданушылары аталмыш жазбаны бірден қызу талқылауға көшті.
"Хат жазған қыз сіздің жолдасыңызға ғашық па екен", "Жас қыздар жайлы сонша нәрсе жазып жатырсыз. Алайда, күйеуі бар әйелдер де оңып тұрған жоқ", "Дұрыс айтасыз", "Мына жазбаға қарағанда жолдасыңызға біреулер жазып жүр ғой", "Сізбен толықтай келісемін", - деп жазды көпшілік.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930810-bireudin-otbasyn-buzyp-zazira-baiyrbekova-zas-qyzdarga-suilikti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.