Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ақталғым да, дәлелдегім де келмейді": Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы туралы қауесеттерге пікір білдірді

Опубликовано:

Қайрат Нұртас мен Жұлдыз
Қайрат Нұртас мен Жұлдыз. Фото: instagram.com/zhuldyzabdikarimovaoffocial

Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова отбасына қатысты таралып жатқан ақпараттарға қатысты пікір білдірді. Әнші "Алматы" телеарнасының Paparazzi бағдарламасында осыған қатысты ойын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдікәрімованың айтуынша, ол өзі жайында ел арасында айтылатын әңгімелерге еті үйреніп кеткен. Сондықтан, барынша мұндай жайттарға мән бермей, шыдауға тырысатынын жеткізді.

"Біз туралы, отбасымыз туралы өсектер, қауесеттер әуел бастан келе жатыр. Ондай қауесеттер болған, бар және болады да. Шаңырақ көтерген уақыттан бастап бізді ажырасып кеткен, әйелінің түрі ұсқынсыз, басқа жақта тұрады деген секілді әңгімелерді жиі еститінмін. Бірақ, шыдадым. Ешкімге ешнәрсе айтқан жоқпын ол жылдары. Қазірдің өзінде біз жайындағы өсек-аяңдар өте көп", - дейді ол.

Жұлдыздың жұбайы өзінің отбасы жайында жұртшылықты алаңдамауға шақырды. Себебі, айтар маңызды оқиға болса, өзім хабарлаймын, деп уәде етті ол.

"Мен былай деп айтар едім. Қандай да менің отбасыма, жеке өміріме байланысты жаңалықтар болып жатса, мен міндетті түрде ресми парақшамда хабарлайтын боламын. Ал дәл қазіргі отбасыма қатысты айтылып жатқан жатқан ақпараттарға мен көңіл-күйімді түсіріп, уайымдамаймын. Олармен күреспеймін де, ақталмаймын да, дәлелдемеймін де. Бастысы, менде бәрі дұрыс", - деді ол.

Еске салсақ, қазақ эстрадасының жұлдызы Қайрат Нұртас пен оның жары Жұлдыз Әбдікәрімованың қарым-қатынасы желіде қызу талқыланып жатқанына аз болған жоқ. Олар жұлдызды жұпты "ажырасып кеткен" деген болжам жасаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930836-aqtalgym-da-daleldegim-de-kelmeidi-zuldyz-abdikarimova-otbasy-turaly-qauesetterge-pikir-bildirdi/

pixel