Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Аяқтарым ірі болса да сұлумын": Сәдуақасованың купальниктегі видеосы қызу талқыға қалды

Жарияланған күні:

Мадина Сәдуақасова билеп тұр
Видеодан кадр: Instagram/sadvakasovamadina

Отандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова купальникпен түскен видеосын жариялап, желіні шулатты. Бар дене сымбатын паш еткен эстрада жұлдызы бірден ел арасында қызу талқыланды. Бірі оны қолдаса, енді бірі аяусыз сынап тастаған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова Instagram парақшасында демалысы кезіндегі видеомен бөлісіп, қалың көпшіліктің сынына ұшырады. Бейнежазбада өнер иесінің теңіздің жағалауында купальникпен билеп тұрғанын көруге болады. Оның үстіне әртіс өзінің дене бітімін сипаттап шыққан.

"Аяқтарым, балтырларым , ия, ірі , бойым 159 см , бірақ, соған қарамастан сұлумын ғой айтыңдаршы", - деп жазды ол.

Бұл жайт желі қолданушыларының көңілінен шықпаған көрінеді. Олар бірден әншінің әрекетін аса ерсі деп санап, оған өз сынын айтқан.

"Ел алдында жүрген сыйлы қыздың мұндай күйде жүргені ұят емес пе", "Сөзім де қалмады. Ұят екен", "Отбасылы адамсыз. Мына әрекетіңіз қате", "Ұят деген азайып бара жатыр! Күйеуі бар адамға ыңғайсыз емеспа", "Елдің алдында жүрген соң олай салудың керегі жоқ. Камшат Жолдыбайевадан артық жерың қалмады", "Өзі біледі. Бұл өзінің парақшасы, ұнамаса арамаңдар", "Мадина әдемісіз. Сіз не кисеңіз де, не істесеңіз де сұлусыз", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1930845-ayaqtarym-iri-bolsa-da-sulumyn-saduaqasovanyn-kupalniktegi-videosy-qyzu-talqyga-qaldy/