Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әрі кетсе, бір жарым жылға шыдайсыз": Әсел Сәдуақасова дәрігердің бір сөзі өмірін өзгерткенін айтты

Жарияланған күні:

Әсел Сәдуақасова
Әсел Сәдуақасова. Фото: instagram.com/asselsadvakassova/

Отандық танымал актриса Әсел Сәдуақасова өмірге деген көзқарастарын өзгерткен жайт туралы айтты. Демалмастан еңбек етіп, тыным таппаған актрисаның денсаулығы сыр бере бастаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Актриса өзінің Instagram желісіндегі парақшасында ағынан жарылды. Өнер иесінің айтуынша, қазіргі таңда ол өзіне көңіл бөліп, өмірлік құндылықтарын қайта қараған. Оның басты себебі - денсаулығының нашарлауы.

"Менің бұлай өзгеруіме не себеп? Күнде маған оқырмандардан осындай сұрақтар келеді. Неліктен ерте тұрамын? Психологияны неге зерттей бастадым? Қазіргі күйіме қалай келдім? Алдымен бұған дейін не болғанын, мні өзгеріске не итермелегенін айта кетейін. Мен, шынымды айтсам, тыным таппай еңбек еттім. Кинотуындыларға түсіп, өз тыңдармандарыма ән айтудан жалықпайтынмын. Бірақ күн өткен сайын жағдайым нашарлап кеткенін сездім.

Ұйқым бұзыла бастады. Тіпті мүлдем ұйықтамайтын болдым. Етеккірім де бұзылды. Нәтижесінде, күйзелістен 12 келі салмақ қостым. Ештеңеге зауқым соққан жоқ. Әдемі киім кию, өзіме қарау мүлдем көмектескен жоқ. Тіпті айнаға қарағым келмейтін еді", - дейді актриса.

Садуқасованың айтуынша, дәрігердің бір ауыз сөзі оны тәубесіне келтіріп, денсаулығы мен өміріне деген көзқарасын өзгертуге мүмкіндік берген.

"Дәрігерімнің "Бұл түріңізбен әрі кетсе, бір жарым жылға шыдайсыз", - деген сөзі барлығын өзгертті", - деп жазды ол.

Айта кету керек, бүгінде Әселдің желідегі оқырмандары оның өзгеріп кеткенін жиі жазуда. Актриса әсерлі жазбалар жазып, таңғы бесте тұрып жүргенін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931007-ari-ketse-bir-zarym-zylga-sydaisyz-asel-saduaqasova-darigerdin-bir-sozi-omirin-ozgertkenin-aitty/