RU

Тамара Асарды жақындары перзентханадан сән-салтанатпен шығарып алды (фото, видео)

Тамара Асарды перзентхаадан шығару сәті
Тамара Асарды перзентхаадан шығару сәті: instagram.com/sadvakasovamadina/

Жуырда ғана ана атанып, өмірге қыз баланы әкелген Тамара Асарды жолдасы мен достары перзентханадан ән-күймен шығарып алды. Әншінің қуанышын бөлісуге келген өнер жұлдыздары ерекше сәттің видеосын жарыса жариялауда, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Тамара Асардың қуанышымен ортақтасуға оның өнердегі әріптестері Мәдина Сәдуақасова, Ғаділбек Жанай, Айнұр Асанберді қатысқан.

Еске салсақ, 2 қыркүйек күні отандық кәсіпкерге тұрмысқа шыққан Тамара Асар қыз баланы дүниеге әкелді. Сәбиінің есімін әнші Ажар деп қойған. Бұл қуанышты жаңалықты әншінің өзі Instagram парақшасына жазған.

Тамара Асар ең алдымен түсінде көпбалалы әншілер Қыдырәлі мен Қарақатты, сондай-ақ алты бала босанған анасын көргенін айтқан. "Оянып кетіп төбеге қарап ойланып, өздігімнен күбірлеп, түсімді жори бастадым. Қарақат көп балалы, анасы да көп балалы, менің шешем де алты баланы өмірге әкелген, оның үстіне жас күніндегі пальтосын маған кигізгеніне қарағанда... мен де... шын ба? - дедім де, қуанғаннан көзімнен жас мөлт етті… Өмірге бүгін Ажар Жұмашқызы келді. Шүкір Аллаға", - деп жазды ол.

Сүйінші жаңалықты естіген желі қолданушылары әншіні құттықтап, нәрестеге ұзақ өмір тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931283-tamara-asardy-zaqyndary-perzentxanadan-san-saltanatpen-sygaryp-aldy-foto-video/