"Келісім жүріп жатыр": Қайрат Нұртастың жұбайы енді кино түсіруді қолға алмақ
Жарияланған күні:
Қайрат Нұртастың жұбайы бұдан былай өзін кино саласында сынап көрмек. Бұл туралы ол НТК телеарнасының "Ревю" бағдарламасына берген сұқбатында айтты.
Тележүргізуші, жазушы, актриса әрі "Әлем ханымы" енді кино түсіруді қолға алмақ. Қайрат Нұртастың жары енді толықметрлі туындыны таспалауға көшетінін жеткізді.
"Алда жоспар бар өзімнің кинотуындымды шығарсам ба деген. Қазір келісім жүріп жатыр, оны әзірге айтпай-ақ қояйын. Бірақ сіздерге айтып қойдым ғой. Қолға алған кезде, сіздерге бірінші болып айтатын болам. Бағыты әзірге белгісіз", - дейді ол.
Толықметрлі туындыда Қайрат Нұртас төбе көрсете ме, жоқ па ол да әзірге белгісіз.
Сонымен бірге, Жұлдыз бұдан біраз уақыт бұрын сән әлемінің дамуына үлес қосып, осы салада өзін сынап көргісі келгенін жеткізді. Алайда дизайнермен арада орын алған кикілжің оның ойының жүзеге асуына кедергі болыпты.
"Маған көп қыздар жазатын, сіздің киім үлгіңіз ұнайды. Неге өзіңіздің арнайы топтамаңызды шығармасқа деп. Болды, бір дизайнермен жұмыс жасаймыз ба деп келісіп жатқанда арада келіспеушілік болып қалды, сонымен ол жайында қалды. Бірақ, бұйыртса оны болашақта іске асырамын деген ниеттемін", - дейді ол.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931438-kelisim-zurip-zatyr-qairat-nurtastyn-zubaiy-endi-kino-tusirudi-qolga-almaq/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.