"КешYOU" тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шығып, сүйіктісін көрсетті (фото)
Жарияланған күні:
Отандық әнші, тележүргізуші Назым Әбілдина тұрмысқа шықты. Ол Алматы мешіттерінің бірінде сүйіктісімен түскен суретін жариялады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Қуанышты сәттің суретін әнші өзінің Instagram желісіндегі парақшасына жариялады.
"KeshYou" тобының бұрынғы әншісі тұрмысқа шығатынын қалың көпшілікке биыл шілде айында мәлім еткен. Ол сүйіктісінің өзіне ұсыныс жасағанын және бұл ұсынысты қабыл алғанын желідегі парақшасында баяндаған болатын.
Қалыңдық атанған әнші арнайы видео жариялап, қалың көпшілікке өзіне тағылған сақинаны көрсеткен. "Мен ең керемет азаматтың қалыңдығы атандым" , - деп жазған Әбілдина бейнежазба астына.
Араға екі ай салып, 10 қыркүйек күні тележүргізуші қала мешіттерінің бірінде сүйіктісімен некесін қидырды. Әншінің ресми түрде тұрмыстағы келіншек атанғанын көрген оқырмандары да қарап қалмады. Олар өнер иесіне ізгі тілегін жаудырып, жылы лебізін білдірді.
"Баршаңызға рахмет! Құттықтаулардың бәрін оқып шықтым. Дайректі де. Әрқайсыңызға тек жақсылық тіледім", - деп алғысын жаудырды оқырмандарының ыстық ықыласына бөленген Назым.
Айта кетейік, Назым Әбілдина - бүгінге дейін құрамын 14 мәрте өзгеркен "КешYOU" тобының бұрынғы солисі. Оған қоса, Назым бала күнінде көпшілікке танымал болған "Айгөлек" балалар байқауын бірнеше жыл жүргізген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931676-kesyou-tobynyn-ansisi-turmysqa-sygyp-suiiktisin-korsetti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.