Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Италиядан киінеді": Бүркіт Аишаның киіміне ақшасын аямайтынын айтты

Опубликовано:

Аиша Жансейітова
Аиша Жансейітова: instagram.com/aisha_vee/

Отандық әнші Айбек Жансейітов Аиша екеуі қайдан киінетінін жасырмай айтып берді. Бұл туралы ол Динара Сәтжанның "100 сұқбат" бағдарламасына берген сұқбатында баяндады.

Көптеген өнер адамдары карантинде қаржы жағынан таршылық көрген кезде, Бүркіт қатты қиншылық көрмегенін айтады. Себебі, оның Қазақстанда және шетелде бірнеше жеке бизнесі бар.

Соған қарамастан, әнші ешқашан "арқамды кеңге салған емеспін" дейді. Керісінше тынымсыз еңбек етіп, қалай да пайдалы іспен айналысуға тырысатынын атап өтті.

Өнер иесінің расымен де үйде жатпайтынын оның жұбайы Аиша да растап отыр. Айтуынша, Бүркіт ақшаны желге шашқанды ұнатпайды. Керісінше, қаражатты орнымен және ақылмен жұмсағанды жақсы көреді екен.

"Ақша деген қағаз ғой. Оның көп болғаны әр адам үшін жақсы. Ақшаны үнемі ақылмен жұмсаймын. Аиша ондай емес. Мен үнемі үнемдеп, тек керегін ғана аламын. Менің Rolls Royse алуға шамам жететін. Бірақ ол маған керек емес. Оның орнына тағы бір үй салғаным жақсы. Ағаш отырғызып, өмірден ләззат алған дұрысырақ. Табиғатқа қарап, демаламын", - дейді Бүркіт.

Десе де, Бүркіт өзінің отбасы үшін ақша үнемдемейтінін жеткізді. Мәселен, Аишаның қалауын орындау үшін Италияға барып киінетіндерін де жасырмады.

"Біз жыл сайын Италияға киінуге барамыз. Биыл бармадық. Онда ол өзі қалағанын алады. Маған қоңырау шалып, "Айбек, қанша ақшамыз қалды?", - деп сұрайды. Мен айтамын. Сосын ол өзіне ұнағанның барлығын алып келеді", - дейді әнші.

Бұл тұста өнер иесі киімнің бағасы мен сапасына көбірек мән беретінін айтады. Киімді дұрыс таңдауды ол жұбайынан үйренген.

"Аиша шынымен де өзі киетін әрі қымбат киімдерді алады. Шынымды айтсам, ол мені де осыған үйретіп қойды. Мен бұрын бірдеңе ала салып, кейін кимей лақтыра салатын едім. Ал Аиша маған қымбат, бірақ киюге тұрарлық киім сатып алуға үйретті", - дейді Бүркіт.

Айта кету керек, жұбайының қалауын орындауға тырысатын әнші қайырымдылықпен айналысуды да ұмытпайтын көрінеді.

Мәселен, карантинде әнші жұмысы тоқтап қалып, күнкөріс көзінен қағылған көптеген отбасыға көмек қолын созған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931729-italiyadan-kiinedi-burkit-aisanyn-kiimine-qansa-aqsa-zumsaitynyn-aitty/

pixel