Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен - қазақпын": Германияда "Шудың бойында" әнін орындап, хит болған неміс музыканты көз жұмды

Опубликовано:

Георгий Лаубган
Жорат Затонский (шын есімі - Георгий Лаубган). Фото: ЭК

Халық арасында Жора Затонский есімімен танылған неміс ақыны әрі музыканты Георгий Лаубган қайтыс болды. Ол Қазақстан жұртшылығына Ахан Отыншиевтің "Шудың бойында" әнін Германияда орындаған әнші ретінде танылған, деп жазады ЭК.

Георгий Лаубган 63 жасында өмірден озды. Семей қаласының тұрғыны 1992 жылы Германияға көшіп кеткен болатын. Алайда содан бері ол аузынан Қазақстанды тастамай, өзін жұртқа "қазақпын" деп айтатын. Тіпті оның репеуртуарында "Я казах", "Семипалатиночка", "Я приеду в Казахстан" деп аталатын әндері де бар.

Бұдан бірнеше жыл бұрын Георгий Лаубган Германиядағы іс-шаралардың бірінде Ахан Отыншиевтің "Шудың бойында" әнін орындап, көптің жүрегінен орын алған.

Еске салсақ, қазақ тілі мен ұлтына ерекше құрмет көрсетіп, сыйластық танытатын өзге ұлт өкілдері аз емес. Мәселен, күні кеше орыс сыныптарына "Қазақстан тарихынан" сабақ беретін ақтөбелік неміс жігіті жайлы жазған болатынбыз.

Тәуелсіздіктің түйдей құрдасы Ақтөбе облысының Темір ауданына қарасты Кеңқияқ ауылындағы көпұлтты отбасында дүниеге келген. Бүгінде қазақ қызымен отау құрып, екі бала тәрбиелеп отырған Артем қазақ тілі мен тарихына деген құрметі жоғары екенін айтқан.

"Орыс сыныптарына сабақ беремін. Бесінші сыныпта ежелгі Қазақстан тарихынан бастаймыз сабақты. Өзіме ұнайды. Қазақтың тарихын, салт-дәстүрін қазіргі ұрпақ, болашақ ұрпақ ұмытпаса, бар білгенімді таныстырсам деген тілек-ниетім бар. Алда ағылшын тілін үйренуді де жоспарлап жүрмін", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1931918-men-qazaqpyn-germaniyada-sudyn-boiynda-anin-oryndap-xit-bolgan-nemis-muzykanty-koz-zumdy/

pixel