Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерке Есмахан: АZ-ға күн бермей, қинап, байлап ұстап отырғандай елестейтін шығармын

Жарияланған күні:

Ерке ЕсмаханЕрке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/p/CS1sSkatkJc/

Эстрада жұлдызы Ерке Есмахан өзінің сүйіктісі - Ninety One тобының бұрынғы әншісі Aзамат Зенкаевтың фанаттарына жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

36 жастағы Ерке Есмахан өзінен тоғыз жас кіші сүйіктісіне қатысты жағымсыз пікір айтатын хейтерлерге жауап берді. Желідегі сұрақ-жауап кезінде оған Азаматтың фанаттарының бірі:

"AZ аман ба? Ауырып жүрген жоқ па? Миын ашытпаған шығарсың? AZ-дің мінезіне шыда", - деп жазған. Бұл пікірге Ерке әзілмен жауап берді.

"AZ-дің фанаттарына мен бір Азаматқа күн бермей, қинап, байлап ұстап отырған сияқты болып елестеймін-ау деймін", - деп жазды ол.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/p/CS1sSkatkJc/

Ninety One тобынан кеткен Азаматтың жанкүйерлері сонда да тынышталған жоқ. Олар әнші топтан Ерке үшін кетті деп болжам жасаған.

"Менімен танысқанда, топтан шығып грузчик болып жүрген осылай", - деп жауап берген Есмахан екеуінің базар аралап жүрген суретін көрсетті.

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан мен AZ. Фото: instagram.com/p/CS1sSkatkJc/

Одан бөлек, ол сүйіктісімен бірге түскен ерекше суреттерін жариялап, "Екеуіміздің ішіміз пыспайды", - деп жазған.

Ерке Есмахан. Фото
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan/

Еске салсақ, бұдан бірер ай бұрын Ерке Азаматпен арақатынасына қатысты бар шындықты айтты. Эстрада жұлдызы желідегілердің көкейінде жүрген сұрақтардың көбіне жауап беріп, қызу талқыланып келген мәселеге нүкте қойды. Әнші жас айырмашылығы олардың махаббатына еш әсер етпейтінін кесіп айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932314-erke-esmaxan-az-ga-kun-bermei-qinap-bailap-ustap-otyrgandai-elesteitin-sygarmyn/