Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Домбыраны ерекше сөйлетіп тұр": Таудың етегінде күй тартқан белгілі күйші көпті тәнті етті (видео)

Опубликовано:

Күйші
Видеодан кадр: Абылай Тілепбергеннің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

Құрманғазы атындағы Ұлттық оркестрдің бас дирижері, танымал күйші Абылай Тілепберген өзінің желідегі парақшасында Маңғыстаудың әсем табиғатында домбырамен күй тартқан сәтін жариялап, көпшіліктің қошеметіне бөленді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Дарын" жастар сыйлығының иегері Абылай Тілепберген Instagram әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында жариялаған видеоға: "Маңғыстаудағы "Шерқала" тауы қасындағы шабытты шақтың бірі" деген жазба қалдырды.

Кадрдан домбырашының қыраттың жанында "Адай" күйін шабыттана тартқанын байқауға болады.

Бұны көрген желі оқырмандары Абылайдың өнеріне жоғары баға беріп, оған жылы лебіздері мен пікірін жаудырды.

"Тек өзіңізден ғана байқайтын дыбыстарыңыз сондай асыл, домбыраны ерекше сөйлетіп тұр", "Ғажап", "Талантты азаматсың", "Маңғыстаудың киелі жерінде табиғаттың сахнасында Құрманғазы бабамыздың күйін шалқытып отырған Абылай жарайсың. Сен күй өнерінің қыранысың" деді олар.

Пікір білдіргендердің арасында шетел азаматтары да болды.

Олар да Абылайдың дарынды музыкант екенін тілге тиек етіп, орындаған күйінен рақаттанғандарын жеткізді.

Еске сала кетсек, осыған дейін ресейлік танымал блогерлер тағы да Қазақстанға табан тіреді. Youtube-тағы вДудь жобасының жүргізушісі Юрий Дудь Ресейде тұрудан біржола бас тартқан әріптесі Руслан Усачевті бағдарлама қонағы ретінде шақырды. Видеоблогер түсірілімнің бір бөлігін Босжырада өткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932343-dombyrany-erekse-soiletip-tur-taudyn-eteginde-kui-tartqan-belgili-kuisi-kopti-tanti-etti-video/

pixel