Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова келіндері жайлы: Әрқайсысы үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын

Жарияланған күні:

Гүлзира Айдарбекова
Гүлзира Айдарбекова. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova/

Продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде "келіндеріңді бөліп жардың" деп өзін айыптағандарға жауап берді. Әнші Қайрат Нұртастың анасы ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы айтып, жан сырын ақтарды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Гүлзира Айдарбекованың кіші келіні Әйгерім Саркенова өзінің Instagram парақшасында енесімен бірге үйге арналған заттар алып жүрген видеосын желіге салған.

"Анамыз Астанаға келгенде ремонт тез жасалады. Келеді де, үйге қажет заттардың бәрін бір жерден тез таңдап алады. Естелік ретінде салып қояйын", - деп жазған ол.

Аталған видеоға желі қолданушылары түрлі пікірлер жазып, Гүлзира Айдарбекованы екі келінді бөліп-жарды деп айыптаған. Алайда желідегі мұндай пікірлерге продюсердің өзі де үнсіз қалмады. Ол арнайы жазба қалдырып, ене мен келіннің қарым-қатынасы туралы түсіндіре кетті.

"Қайтесіздер бөліп жарып. Екі келінім де ыстық. Жұлдызды жамандағанымды көрдіңіздер ме? Жастар ғой, кейде қателеседі бәрі де. Ойлансын, өз-өздеріне келсін деп үндемей қоя саламын. Себебі әр адам біреуге ренжімес үшін менен қандай кінә болды екен деген көкейінде сұрақ тұрады. Мен келіндеріммен бірге көп тұрған ене емеспін, ылғи да ізденіс үстіндемін, бір айда аз уақытқа барамын да не жетпейді соны түгендеп жағдайларын жасап кетемін. Айтсам ақылымды айтамын, түсінсе қабылдар, түсінбесе өздері білер.

Сіздер не десеңіздер де менен жақын бола алмайсыздар, олар менің өмірімнің жалғасы, әрқайсысы үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын. Өйткені келіндер маған, менің қаным немерелерімді өмірге алып келді.

Тек қызым жоқ, қызымдай болса деп армандаймын, қазір түсінбесе ұл-қыздары өсіп жатыр, сосын түсінер. "Сиырға туған күн, бұзауға да туар". Менде тек ана жүрек ешкімге ренішім жоқ, ешқайсысын жамандай алмаймын, мені жек көріп жатса, жаман шығармын, әрқайсының жүрегі білсін.

Бірақ бір білетінім, келіндерге келгенде түк те қатал емес екенмін. Менің көрген қиындығымды көрмесе деп тіледім. Біле білсеңіздер, әр қызға анасы қандай қатаңдық танытса да ертеңіне ұмыт болады, анасының жылы сөздері мен маңдайын сипаған ыстық алақаны ғана елес болып тұрады, ал енеге келсек жақсылықтың бәрі ұмыт болып, тек жылына бір рет болса да, тәрбие болсын деп бір айтқан ауыр сөзің болса өмірбақи жүректерінде тұрып қалады, өйткені сен енесің, өмір солай…", - деген Гүлзира Айдарбекова өз келіндерімен мақтанатынын жеткізді

"Мен өкінбеймін, Алланың маған осындай келіндер бергеніне, бәрі де ақылсыз емес, қазір түсінбесе түбі түсінеді.

Тек амандық тілеймін. Бірақ сырттан бал ашып, керексіз жерге тұмсық тығып тіміскіленгенше, өз өмірлеріңізбен алысқандарыңыз жөн болар. Ал мен кейде суық қарасам, бір пісіріп алайын деген ойым шығар. Сол себепті екі келінімді бөліп жармаңыздар, мен анамын барлық уақытта кешіремін және кешіріммен қараймын. Менің өмірім мына менің әлемім болып қала берсін", - деп жазды продюсер.

Мұны оқыған желі қолданушылары да Гүлзира Айдарбековаға қолдау білдірген.

"Иә, екі келініңізді де көкке көтересіз ғой", "Бөліп жаратын несі бар, әр келіннің өзінің орны бар. Бақыт тілеймін", "Екі келін де керемет", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932489-eki-kelinim-de-ystyq-gulzira-aidarbekova-kelinderi-zaily-zan-syryn-aqtardy/