Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менің елім мен оның елі жау болған жоқ": Нұрлан Албан алғаш рет бұрынғы жұбайы туралы айтты

Опубликовано:

Нұрлан Албан
Нұрлан Албан: YouTube/Menin omirim

Танымал қазақ әншісі Нұрлан Албан өзінің бірінші некесі туралы сөз етті. "Hit TV" арнасының "Менің өмірім" бағдарламасында ол алғашқы жұбайы ақын Назира Бердалымен қарым-қатынасы туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Нұрлан Албан бағдарлама барысында өзінің отбасы, бала-шағасы туралы баяндады. Айтуынша, қазіргі таңда оның екі ұл, бір қызы бар. Алайда, қалың көпшілік оның бірінші жұбайы қазақ ақыны Нәзира Бердалы болғанын жақсы біледі. Дәм тұзы жараспай, екі жаққа кеткен өнер қайраткерлері осы уақытқа дейін бұл туралы жақ ашпай келген болатын. Нұрлан Албан алғаш рет жабық тақырыпты ашылып әңгімелеп берді.

"Сіз үшін Нәзира Бердалы кім?", - деген сұраққа әнші:

"Біріншіден, Нәзира Бердалы - қазақ поэзиясындағы дара әрі мықты ақын, қазақтың ақын қызы, екіншіден, тұлға, үшіншіден - өте тамаша пенде. Басқа айтарым жоқ. Кезінде отбасылы болдық. Бұл тақырыпты көп қозғамаймын. Екінші некемнен өсіріп, тәрбиелеп отырған балаларым бар. Сол балалардың жүзі шайылып қалмасын деймін. Әйтпесе қорқып, сұрақтан қашпаймын. Бүкпесіз жауап бере аламын. Кезінде отбасы құрдық, өзіміз шештік, екі әлем болып қалдық. Қатты қуанатыным, өзгелер сияқты оның елі мен менің елім жау болып, құда-құдағилар тісін қайрап, шашын жұлып, ұрысқан сәттер жоқ. Саналы түрде қосылдық, саналы түрде екі жаққа кеттік. Үйімізде айқай-шу болып көрген жоқ. Әйтпесе оның туыстары келіп, у-шу болып, мен жақ барып, өзара бет жыртысқан жоқ. Қарғап-сілеу деген болған жоқ. Екеуіміз солай шештік. Мен үшін Нәзира Бердалы - ол үлкен тұлға. Қазақ поэзиясының мықты өкілі. Жақсы азамат", - деп жауап берді.

Өнер иесі бұл жайт өмірінде 17 жыл бұрын орын алғанын айтты.

"Тағдыр деген дүние бар. "Адамның басы Алланың добы". Қалай домалатса, солай домалайды. Бұл тақырып жабылғалы 17 жыл болды. Бұл деректі қазір білмейтін адамдар да бар. Бір-екі жылдай осы сұрақ алдымнан шыға беретін. Ал қазір ұмытылды. Әркімнің өзінің тағдыры. Өйткені бұл бір кем дүние. Ел даттаса да, мақтаса да - бұл менің өмірім", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1932882-onyn-eli-men-menin-elim-zau-bolgan-zoq-nurlan-alban-algas-ret-ozinin-algasqy-aqyn-zubaiy-turaly-aitty/

pixel