Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасыңнан айырылып қалдың ғой": Элизат Берікова күйеуінің опасыздығы туралы айтты

Жарияланған күні:

Элизат Берікова
Элизат Берікова. Фото: instagram.com/elizaberikova007/

"KeshYou" тобының бұрынғы әншісі Элизат Берікова күйеуінің опасыздығын туралы айтты. Ол желіде әсерлі жазба жариялады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Күні кеше отандық әнші Элизат Берікованың жолдасынан ажырасқалы жүргенін жазған болатынбыз. Ол өзінің жазбасында "Некем сәтсіз болған сияқты" деп қысқа қайырып, бірақ оқырманын ойлантып тастаған болатын. Ал бүгін ол отағасының өзіне опасыздық жасағанын ашып айтты. Ол өз жазбасында екі ұлын өмірге әкелген соң біраз қиындықтарды бастан кешіргенін, екі жылда төрт мәрте наркоз алғандығын жазған.

"Уайым адамды қатты жеп қояды екен, өзімнен көріп отырмын. Мені танитын адамдардың мені көргендегі бірінші сұрағы: "Неге сонша арықтап кеткенсің" болады. Мен әдейі тамақ жемей арықтаған жоқпын. Денсаулығымды құртып әдемі болмай-ақ қойдым. Керісінше, қайтадан денсаулығымды орнына келтіре алмай жүрмін.

Бірінші балама аяғым ауыр кезде алты айында аппендицит болдым. Екі баламды да кесарь тілігі арқылы босандым. Одан кейін тағы шағын ота. Екі жыл ішінде 4 мәрте наркоз алдым. Ешкімнің басына салмасын. Наркоздың әсерін білесіздер, қатты ұмытшақ болып қалады екенсің. Мен бұрын бір әнді бір түнде жаттап алатынмын, қазір нені қайда қойғанымды ұмытып қаламын. Екі рет алған "эпидуралкадан" кейін манты түю, ыдыс жуудың өзі қиын. Жасың болса 27-де ғана. Осылай өзіңмен, балалармен әлек болып жүргенде күйеуің арғы жақта... "Қолда бар да алтынның қадірі жоқ". Қазір балалар кішкене өсті, мен есімді жинадым, кәсібімді аштым.

Әп-әдемі екі баласы бар, мендей қызды қайдан табар екенсің?! Далада жүрген қыздың артынан жүремін деп үйіңде күтіп отырған отбасыңнан айырылып қалдың ғой!", - деп жазды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933128-otbasynnan-aiyrylyp-qaldyn-goi-elizat-berikova-kuieuinin-opasyzdygy-turaly-aitty/