RU

"Бетсіздік": Иманбек өзіне ескерткіш орнату туралы қауесетке жауап берді

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

"Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов өзіне ескерткіш орнатуға қатысты қауесетке пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Диджей әлеуметтік желідегі парақшасында тікелей эфирге шығып, өзіне ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы қауесетті жоққа шығарды.

Айта кетейік, БАҚ-та Иманбекке ескерткіш орнатқалы жатқаны туралы ақпарат тараған болатын.

"Бір ай бұрын маған Ақсудағы саябақта немесе жағалауда Грэмми, сыйлығының мүсінін орнату туралы ұсыныс жасалды" ,- деді Иманбек Зейкенов.

Белгілі музыкант оған қарсылық білдірмеген.

"Тілшілер сөзді бұрып жіберген. Енді адамдар мен өзіме ескерткіш орнатуды сұрады деп ойлауда. Мен ондай адам емеспін. Өзіңе ескерткіш орнатуды сұрау — нағыз бетсіздік деп санаймын",- деді музыкант.

Еске салайық, Иманбек Зейкенов 2021 жылдың наурыз айында «Roses» әніне жасаған ремиксі үшін әлемдік «Грэмми» сыйлығын жеңіп алды. Ол ТМД елдері арасында бұл сыйлықты иеленген алғашқы адам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1933962-betsizdik-imanbek-ozine-eskertkis-ornatu-turaly-qauesetke-zauap-berdi/