"Арманымдағы үй": Айқын Төлепберген отбасына арнап қос қабатты үй салуда (видео)
Жарияланған күні:
Айқын Төлепберген отбасына арнап қос қабатты үйдің құрылысын бастады. Бұл туралы эстрада жұлдызы өзінің Instagram желісіндегі парақшасында жазып, құрылыс басынан видео бөлісті.
Айқын Төлепберген қоғамдастық тарапынан жиі сынға ұшыраса да, өзінің бала-шағасының барлық жағдайын жасап қойған. Ол төрт баласына да Алматыдан пәтер сатып алып, олардың болашағының алаңсыз өтуі үшін барынша еңбек етуде.
Бұдан бөлек, оның бұрынғы әйелі Әселге де бір емес, екі бірдей үй қалдырғаны да белгілі болған еді. Балаларының әрқайсысын үймен қамтыған өнер иесі енді өзінің арманындағы үйін салуға бел шеше кірісіпті.
Бұл туралы әншінің өзі арнайы видео түсіріп, оқырмандарына құрылыс басынан сәлем жолдаған.
Әнші оқырмандарының қос қабатты үй салып жатқанын жасырмады. Қазіргі таңда іргетасын құю үшін дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жер телімі қаланың жоғарғы бөлігінде орын тепкен.
"Ал армандаған үйімді сала бастадым. Арматура, бетон, құрылыс материалдарын аламын. Құрылыстың қалай өтіп жатқаны қызық болса сіздерге пікір қалдырыңыз. Бәрін көрсетемін.
Бұл да бір мен үшін жақсы контент болатын болды. Жалпы құрылыс туралы көп әңгіме айтамын. Сұрақтарыңыз болса, жауап беремін", - деген әнші оқырмандарынмен кері байланыс жасауға дайын екенін айтты.
Әншінің жанкүйерлері болса, оның бұл бастамасына ақ жол тілеп, жылы лебіздерін білдірді. Тіпті кей оқырмандары оған түрлі кеңесін беріп, құрылыстың қымбатшылық кезеңіне дөп түскенін айтып, ескерту жасады.
"Барлығы қымбат кезде бастапсыз. Алла берекесін беріп, аман-есен бітіріп, қоныс тойын жасаңыз", "Сәттілік, бағаларымен қоса, жазып, бөлісіп отырыңызшы", "Сәттілік, осындай қажетті ақпараттар керек-ақ", - деп жазды олар.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934021-armanymdagy-ui-aiqyn-tolepbergen-otbasyna-arnap-qos-qabatty-ui-saluda-video/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.