Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлын туған күнімен құттықтаған Әбдіжаппар Әлқожа елді сүйсінтті (видео)

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа ұлымен
Видеодан кадр: Instagram/qaz.stars

Желіде отандық шоу-бизнес жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожаның ұлын туған күнімен құттықтап жатқан сәтінен видео тарап, елді тәнті етті. Қалың көпшілік баласына ерекше тосын сый жасаған жұлдызды әкенің әрекетіне риза болған деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожаның перзентін құттықтап жатқан видеосымен оның әйелі бөліскен. Әншінің келіншегі әсерлі отбасылық сәтін Instagram парақшасында жариялаған.

Бейнежазбада эстрада жұлдызының үйіне тәттімен кіріп келіп, ұлына өз сыйлығын тарту етіп жатқанын көруге болады. Әнші баласы сұраған ұялы телефонын алып берген.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяның ерекше сәтіне куә болғанына аса қатты қуанған. Себебі, Әбдіжаппар Әлқожа өз отбасы мүшелерін әлеуметтік желілерде көп көрсете бермейтін әртістер қатарына жатады. Өнер иесі өз парақшасында келіншегі мен балаларын өте сирек жүктеп тұрады.

"Қандай керемет сәт. Бақытты болыңыздар, балаларыңыздың қызығын көре беріңіздер", "Әбдіжаппар нағыз әке екен. Жарайсың", "Қандай тәтті балапандар", "Туған күндеріңіз құтты болсын. Ұлыңыз үлкен азамат болсын", "Отбасы бірінші орында. Әкесі мен баласының осындай сәттеріне қарап қалай сүйсінбейсің?", "Недеген әсерлі, Отбасыңызбен көбірек фото мен вижео жариялап тұрсаңызшы", - деп жазуда халық.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934022-ulyn-tugan-kunimen-quttyqtagan-abdizappar-alqoza-eldi-suisintti-video/