RU

"Ренжимін": Мадина Сәдуақасова өзінің ашық фотоларына қатысты жауап берді

Мадина Сәдуақасова
Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мадина Сәдуақасова желідегі ашық суреттеріне қатысты пікір білдірді. Өнер иесі халықтың жазатын жағымсыз сөздері көңіліне тиетінін жасырмады деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мадина Сәдуақасова жағажайда түскен суреттерінде тұрған ештеңе жоқ деп есептейді. Өнер иесі су жағасында бәрі купальникпен жүретінін алға тартып, өзіне жаудырылған сынның орынсыз екенін жеткізді. Бұл туралы ол "Папарацци" бағдарламасына берген сұхбаты кезінде айтты.

"Судың жағасындағы купальникпен түскен видеоларды мен де саламын. Онда тұрған ештеңе жоқ. Сол жағажайда жүргенде саған ешкім мән бермейді. Бәрі кәдімгідей көзбен қарайды. Ал былай шыққан кезде көрермендер мен оқырмандар қатты әсер алып жатады, наразылық білдіріп жатады. Меніңше, ол үйреншікті жағдай. Судың жағасында сен басқа киім кимейтінің анық. Ренжимін. Бірақ, қазір пікірлерді мүлдем оқымаймын. Баяғыда оқитынмын. Қазір арасында көңілімді түсіретін пікір болып қалса, көңіл-күйді ұзақ уақытқа құртып жүреді. Ұзақ уақыт бойы сол сөздерді көңіліне алып жүресің", - деді әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Мадина Сәдуақасованың купальниктегі видеосы желіде қызу талқыланған болатын. Оқырмандар отбасылы жұлдыздың бұл әрекетін аса ерсі санап, оны аяусыз сынап тастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1934064-renzimin-madina-saduaqasova-ozinin-asyq-fotolaryna-qatysty-zauap-berdi/